"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қ. №11 орта мектеп- гимназиясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жобаны іске асыру туралы ақпарат

17.08.2017

Көкшетау қ. №11 орта мектеп- гимназиясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында

жобаны іске асыру туралы ақпарат

Адамның туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысуы – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі болып табылады. «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»,- деп жазады Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев «Туған жер»  бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Елбасының пайымынша,  уақыт өте келе бұл бағдарлама өз аясын кеңейтіп,  «Туған ел» бағдарламасына  ұласады.

Бағдарлама  білім беру саласында ауқымды жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуды  және елді мекендерді  абаттандыруды, сондай-ақ, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

2017 жылғы  02 – 11 маусым аралығында  №11 ОМГ   21 адамнан тұратын  оқушылар тобы СҚО-ғы Сартомар  ауылына  туған өлкені зерделеу үшін аттанды.

Бұл тарихи орындар - қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын  Мағжан Жұмабаевтың  отаны.  Осы өлкетану сапардың негізгі мақсаты -  тілдік ортаға сіңу және жергілікті халықтың салт-дәстүрлері  мен  тұрмысын зерделеу.

Балалар күн сайын қазақ және ағылшын тілдері сабақтарына,   робототехника үйірмесіне белсенді қатысып отырды.

Түстен кейін ауылдарға  шығып, тұрмыс, салт-дәстүрлерімен танысты.

Балалар лагерьде болған уақыт ішінде жергілікті балалармен танысып, олармен бірге барлық іс-шараларға қатысты.

Жіп иіру, қоспа, үйдің майының  (оны дайындауға  өздері  де қатысты) дайындау  жолдары,  сондай-ақ,  сиыр сауу, қой қырқу жұмыстарының   жүргізілу барысына куә болып,  үй шаруашылығы және балық аулау әдістерімен де танысты.

Сонымен қатар оқушылар Петропавл қаласының көрнекті орындары:  Абылайхан ордасын, ботаникалық саябақты, Аквапаркті тамашалады. Бос уақыттарында  жергілікті балалармен бірге спорттық жарыстар ұйымдастырып,  «Зарница» ойынын, тақырыптық би кештерін өткізді. Оқушылардың ақиық ақын М.Жұмабаевтың мұражайына экскурсиясы есте қаларлық болды: балалар  ақынның өлеңдерін оқып, ұлы Абайдың әндерін нақышына келтіре шырқады. Жобаны жүзеге асыруда жергілікті тұрғындар: балалар мен үлкендер  белсене қатысты. Балалар жергілікті тұрғындармен қимай қоштасып, алдағы уақытта тағы да келуге уәде берді.

Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст