"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 2024 жылғы 29 қарашада «Ертөстік» балабақшасының базасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуға арналған ойын технологиялары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Семинарға ересек және мектепалды топтардың тәрбиешілері қатысты.

    «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі»                ММ жоспарына сәйкес 2024 жылғы 29 қарашада «Ертөстік»  балабақшасының базасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуға арналған ойын технологиялары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Семинарға ересек және мектепалды топтардың тәрбиешілері қатысты.

Семинардың мақсаты: Педагогтарды заманауи тенденциялармен таныстыру, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ойын технологияларын қолдану.

Семинар барысында дәстүрлі, авторлық және инновациялық технологиялар элементтері пайдаланылды.                                                                                                                                               Әдіскер  Байгонова А.Х. «Балабақшада қолдануға тиімді ойын технологиялар» (әдістемелік қобдиша) атты презентация дайындады. Тәрбиешілер Москаленко Е.А., Лошкомойникова Т.Ю.  «Путешествие в Кубигород» ұйымдастырылған іс-әрекетін және «Учимся играя» мастер класс көрсете отырып, өз жұмысында дәстүрлі емес ойын құралдары мен әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісті. Танатарова Г.Ш. этнопедагогиканың «Ұлтымыздың құнды мұрасы» ойынының әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Хамзина Г.О. Дары Фребельдің әдістемесін қолданып «Әйгерім қуыршаққа арналған сыйлық» іс-әрекетін ұйымдастырды. Голдина Е.В., Корнилова Е.Н.  «Сиқырлы құм әлемінде» интерактивті құмсалғышының жұмыс мүмкіндіктерімен таныстырды. Дене шынықтыру нұсқаушысы Омурзаков Б.Ж. ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дене тәрбиесі бойынша БДТ жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында қазақ тілі мұғалімі «Әріптер сөйлейді» атты қызықты ойын- тренинг өткізді. Іс-шара соңында пікір алмасып, қатысушыларға ұсыныстар берілді

Жаңартылған күні: 29.11.2024 19:42
Құрылған күні: 29.11.2024 19:42

Текст