Бос лауазымдардың пайда болуына байланысты «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ қызметкерлерді келесі лауазымдарға қабылдау бойынша конкурс жариялайды:
Электрондық оқыту жөніндегі әдіскер
Талаптар:
· жоғары педагогикалық білім;
· біліктілік санаты «педагог-модератор» санатынан төмен емес;
· еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
· мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
· сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
· ұқыптылық, жауапкершілік, зейінділік, қарым-қатынас
Лауазымдық міндеттері:
· білім беру ұйымдарында электрондық оқытуды ұйымдастыруды және енгізуді жүзеге асырады.
· электрондық оқыту жүйесін пайдалану бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсетеді.
· ақпараттық технологияларды қолдана отырып, инновациялық жобаларды әзірлеуге және білім беруге енгізуге қатысады.
· білім беру ұйымдарында интерактивті жабдықтар, компьютерлік парк және интернет желісіне қолжетімділік жағдайын пайдалану мониторингін сүйемелдеу.
· мектептердің онлайн сабақтарға қатысу мониторингі, республикалық, облыстық,қалалық ауқымдағы қашықтықтан өтетін интерактивті іс-шараларды ұйымдастыру.
Жұмыс шарттары:
· ресми жұмысқа орналасу;
· жалақы-120.000 мың теңге (өтіліне байланысты);
· жұмыс кестесі 5/2 сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
· демалыс 56 күнтізбелік күн.
Түйіндеме Құдайбердиев көшесі, 57, 2 қабат, 2 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады немесе Koksheguo@mail.ru электрондық мекенжайға жіберуге болады
Қосымша ақпаратты 8716-2 (50-18-66) телефоны арқылы алуға болады.