Көкшетау қаласында жалпы орта білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының І (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары анықталды
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 желтоқсандағы №514 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 01 қараша күні Көкшетау қаласының №11 МГ базасында бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының І (қалалық) кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадалардың математикалық және логикалық есептерді шешуде кәсіби біліктілігі мен шеберлігін жетілдіру, шығармашылық әлеуетін дамыту.
Олимпиадаға қала мектептерінің 183 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Іс-шараның қорытындысы бойынша 98 көкшетаулық мұғалімдер жеңімпаздар, жүлдегерлер және грамота иегерлері атанды:
І орын - 12,
ІІ орын - 31,
ІІІ орын - 41,
грамота 14.
Қалалық турда 1 орын алған олимпиада қатысушылары 2025 жылдың қаңтар айында республикалық математикалық олимпиадасында Көкшетау қаласының намысын қорғайтын болады.
Олимпиаданың қалалық турының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және облыстық кезеңде әріптестерімізге сәттілік тілейміз!