Әлеуметтік желілерде жариялауға қатысты SINEGOR.KZ 22.02.2023 ж. «Өркен» бөбекжайында болған оқиға бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 22.02.2023 жылғы №106 бұйрығының негізінде келесі комиссия құрамында бөбекжайға шығу жүзеге асырылды:
- Болат Ризаханович Кожахметов - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Көкшетау қ. филиалының төрағасы;
- Игорь Геннадьевич Плюснин -білім бөлімінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
- Рауза Кельмановна Акаева - білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі әдіскері;
- Светлана Петровна Рыбинцева - білім бөлімінің техникалық қадағалау жөніндегі кеңесшісі.
Тексеру барысында 2023 жылғы 16 ақпандағы № 6 топтың бейнекамераларынан сағат 14:30-дан 15:30-ға дейінгі кезеңдегі бейнежазбалар қаралды. Тәрбиешінің көмекшісі Н. Н. Журавлеваның № 6 топ тәрбиеленушісіне дене жарақатын салу фактісі расталмады.
Бөбекжай әкімшілігі бұл фактіні 2023 жылғы 17.02. әдістемелік кеңестің отырысында қарады, № 6 топтың ата-аналарымен ата-аналар жиналысы өткізілді.
2023 жылғы 20.02. педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте тәрбиеші Т.В. Пехтің, тәрбиешінің көмекшісі Н. Н. Журавлеваның функционалдық міндеттерін орындауы қаралды.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізіліп, келесі шешімдер қабылданды:
1. Бөбекжай меңгерушісі Г. Ж. Боковаға қызметкерлердің функционалдық міндеттерінің орындалуын тиісінше бақыламағаны үшін ауызша ескерту жарияланды.
2. Тәрбиеші Т.В. Пехпен, тәрбиешінің көмекшісі Н.Н. Журавлевамен еңбек шарты бұзылды.
Комиссия мүшелері балабақша әкімшілігімен қызметкерлердің педагогикалық әдеп ережелерін сақтау және функционалдық міндеттерін тиісінше орындау қажеттігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.