"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру

Көкшетау қаласының білім бөлімі «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Бұл анықтама келесі жағдайларда қажет:
- Пәтерді,саяжайды, жер учаскесін сату/кепілге қою/айырбастау;
- Машинаны сату;
- Банктегі шоттан/депозиттен ақша қаражатын алу.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» egov-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін Сізге сайтта қажет egov.kz отбасы бөліміндегі электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қорғаншылықты, қамқоршылықты және қолдауды таңдап, «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»  қызметін тауып, келесі құжаттар пакетін (яғни, құжаттардың сканерленген нұсқалары) қоса отырып, электрондық өтініш беру қажет:
1. Екінші ата-ана бойынша құжаттардың электрондық көшірмесі (төменде көрсетілген құжаттардың бірі):
- ажырасқан жағдайда жұбайының нотариаттық жазбаша келісімі не баладан бөлек тұратын ата-анасының келісімі;
-  ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру туралы сот шешімі;
 -  әкесі туралы мәліметтер некеде тұрмаған анасының сөзінен жазылған жағдайда туу туралы анықтама (4-нысан); 
 - қайтыс болу туралы куәліктер.
 2. Мүліктің бар екендігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (төменде көрсетілген құжаттардың бірі):
- пәтерді сатып алу-сату шарты;
- пәтер сыйға тарту шарты;
- пәтерді жекешелендіру шарты;
- көлік құралының техникалық паспорты;
- мұрагерлік құқығы туралы куәлік (жақын туыстарынан айырылған жағдайда.
3. 10 жасқа толған кезде баланың жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі.
 Жазбаша келісім қорғаншылық және қамқоршылық органының қатысуымен ресімделеді.
 Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-3 жұмыс күні.
 
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 
* Құжаттардың дерексіздігі анықталған жағдайда, атап айтқанда, қажетті құжаттарды басқаларына ауыстырған жағдайда, Сізге қызмет көрсетуден бас тартылады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органына 50-17-91 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020478#z65  


Текст