"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға конкурс жариялайды

 

       «Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі балалар ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1)   Алгоритмнің 10-қосымшасына сәйкес өтініш;

2) Бақылау камералары жүйесінің, автоматтандырылған өрт дабылы жүйесінің, дабыл түймесінің, дауыстық хабарландыру және домофон жүйесінің бар екендігі туралы ақпарат, оқу орны басшысының қолы мен мөрімен расталған;

3) Санитарлық ережелерге сәйкес тәрбие алушылардың медициналық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын жергілікті бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен жасалған келісімшарт (үш топқа дейінгі сыйымдылықта);

4) штат кестесінің және педагогикалық немесе профильдік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы және құжаттарының көшірмелері;

5) Ғимарат/жайларды жалға алу келісімшотының көшірмесі (бар болса).

    Құжаттарды қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады.                                                                    

            Құжаттарды "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" ММ № 8 кабинетіне тапсыру қажет.


Текст