Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жобаларды іске асыру шеңберінде сенімгерлік басқаруға беру конкурсына қаланың 21 жалпы білім беретін мектебі қатысты.
Конкурс нәтижесі бойынша 17 білім беру ұйымдары (№1 ОМГ, №2 ОМЛ, М.Ғабдуллин ат. №3 МГ, №4 ОМ, №5 «Таңдау» КГ, №6 ОМЛ, №11 ОМГ, №12 ОМ, №13 «Экос» ЭМГ, №16 ОМ, №17 ОМГ, С.Жүнісов ат. №18 ОМЛ, №19 ОМ, №21 ОМЛ, №22 НМ, №1 КОМ, №3 ККОМГ) мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестер арасында келісім-шарттар жасалды. Сенімгерлік басқаруға беру мерзімі 10 жыл.
Жеке серіктестермен келісім-шарт негізінде келісілген жаңғырту кестесіне сәйкес мектеп асханаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу, технологиялық жабдықтар (қуыру шкафтары, конвекциялық пештер, толықсыту (қамыр ашыту) шкафтары, тоңазыту үстелдері және тағы басқалары) сатып алу жоспарланып отыр. Жаңғырту мерзімі 2 айдан 1 жылға дейін.
Мектеп ас блогының технологиялық жабдықтарын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіру, тамақ өнімдерін өндірудің жаңа технологияларын және оқушыларға қызмет көрсету әдістерін енгізу оқушылардың тамақтануының сапасын арттыру, дұрыс теңгерімді тамақтануды ұйымдастыру, ұсынылатын тамақтанудың сұрыпталымын кеңейту, білім беру мекемесінің қызметкерлері мен білім алушылары тамақ дайындау барысында денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бизнес-серіктестердің қаражаты есебінен мектеп асханаларының жабдықтарын жаңарту және күрделі жөндеу жүргізу үшін 103,0 млн.теңгеден астам сомаға жаңғырту жүргізу жоспарлануда.