Лауазымдық жалақысы еңбек еткен уақытына байланысты 102 589- 105 315 теңге аралығында.
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып, іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", «Педагог мәртебесі туралы», "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
7) тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы (ол болған жағдайда).
Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
3) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттың көшірмесі (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжаты);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ және фото;
6) жазалары мен марапаттауларын көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы (ол болған жағдайда).
12) біліктілікті арттыру,қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
13) білім берудегі менеджмент бойынша кемінде жетпіс екі сағат біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің қолы және мөрімен куәландырылады.
Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Конкурсқа қатысушылар өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттары туралы қосымша материалдар ұсына алады.
Конкурсқа қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде мына мекенжайға жіберілуі тиіс:
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 57- үй, Көкшетау қаласы білім бөлімінің конкурстық комиссиясы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы) .
Анықтама телефондары: 25-73-48
Необходимые для участия в конкурсе документы должны быть предоставлены кандидатом в течение семи рабочих дней со дня выхода объявления в средствах массовой информации по адресу:
020000. Акмолинская область, город Кокшетау, ул.Кудайбердиева, 57, конкурсная комиссия отдела образования города Кокшетау или через некомммерческое акционерное общество «Государственная корпорация «Правительство для граждан» (Центр обслуживания населения).
Телефон для справок: 25-73- 48