"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ 2021 жылғы 31 желтоқсан 22 қаңтар аралығында балабақшалар арасында жаңа 46 орынға мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:

1) Комиссия төрағасының атына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының және(немесе) дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке  дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,  орта білімге мемлекеттiк бiлiм беру  тапсырысын орналастыру  туралы 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122  бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым Министрінің 31.10.2018 №609 бұйрығы Қағидалардың  1-ші қосымшасына  сәйкес  нысан бойынша өтініш жазу керек;

2) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің көшірмесі, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысы, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтама, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу);

4) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген) бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;

5) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың  көшірмесі;

6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;

7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.

         Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

 

      Әлеуетті қызмет берушілер немесе олардың құзырлы өкілдері конкурсқа қатысуға арналған өтінімді және құжаттардың толық пакетін 2021 жылдың «22»  қаңтар  күні сағат 15.00-ге дейін Көкшетау қаласы, Кұдайбердиев көшесі 57 үй, тел.50-17 - 87,  4 кабинет мекен-жайы бойынша конкурс ұйымдастырушысына қолма-қол табыс етеді.

     

Жаңартылған күні: 30.12.2020 16:36
Құрылған күні: 30.12.2020 16:36

Текст