"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Техникалық шығармашылық орталығы" МКҚК директоры бос лауазымына ашық конкурс жариялайды

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға ашық конкурс жариялайды:

    «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының техникалық шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  директоры

 

 

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен уақытына байланысты 150 000-182 000 теңге аралығында.

           

Лауазымдық міндеттері: Балаларға қосымша білім беру ұйымын оның Жарғысына және басқа да  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.

Балалар мен жасөспірімдердің дарындылығын анықтаудың  тиімді жүйесін құру және дарынды балаларды дамытуды  сапалы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, оқу үшін жағымды әлеуметтік-мәдени ортаны құру, ықтимал дарынды балаларды тәрбиелеу және дамыту,  дарынды балаларға арналған пилоттық білім беру және әлеуметтік жобаларға бастамашылық ету, дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ететін қолайлы әдістемелік орта құру, дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша оқу жоспарларын, оқу құралдарын және басқа да әдістемелік материалдарды әзірлеу және жариялау, дарынды балаларды әлеуметтік-экономикалық қолдау жүйесін дамыту. 

             

      Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңдарын және  басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, балаларға қосымша білім беру ұйымы жұмысының бағдарын және оның ерекшеліктерін; жасөспірім және жеткіншек шақтағы психологияның жас ерекшеліктерін,  психологияны, әлеуметтануды және әр түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыстың өзгешелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, педагогиканы, педагогикалық психологияны,  педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,  экономика, қаржы-шаруашылық қызметі негіздерін, еңбек туралы заңнаманы,  еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.   

 

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

1)         тиісті бейін бойынша жоғары (немесе жоо-дан кейінгі білім) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

2)         педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл,бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі кемінде бір жыл болуы ;

3)         бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы немесе «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл Жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда);

Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

1) конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат;

3) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттың көшірмесі (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжаты);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 

5) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ және фото;

6) жазалары мен марапаттауларын көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);     

8) нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама,«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы (болған жағдайда).

12) біліктілікті арттыру,қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

13) білім берудегі менеджмент бойынша кемінде жетпіс екі сағат біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың Перспективалық Жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің қолы және мөрімен куәландырылады.

Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

Конкурсқа қатысушылар өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттары туралы қосымша материалдар ұсына алады.

Конкурсқа қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде мына мекенжайға жіберілуі тиіс:

 

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 57- үй, Көкшетау қаласы білім бөлімінің конкурстық комиссиясы немесе  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы) .

Анықтама телефондары: 50-18-66

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 01.11.2021 20:14
Құрылған күні: 01.11.2021 20:14

Текст