«КӨРКЕМ ЕҢБЕК», «МУЗЫКА», «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» ЖӘНЕ «АӘТД»
ПӘН АПТАЛАРЫНЫҢ ҚОРҒАУЫ
Көкшетау қаласының білім бөлімі 2024 жылғы 06 қарашада эстетикалық циклдің және «Дене шынықтыру» және «АӘДП» пән апталарының қорытындысы бойынша презентациялық материалдарды қорғау іс-шарасын өткізді.
Әдістемелік идеялар фестивалінде М.Ғабдуллин ат. №3 МГ, №5 «Таңдау» МГ, №6 МЛ, №8 МЛ, №13 «Экос» МГ, №17 МГ, С. Жүнісов ат. №18 МЛ, №21 МЛ әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері шығармашылық және инновациялық тәсілді көрсете отырып, пәндік аптаның қорытындысын жоғары деңгейде ұсынды. Әсіресе сарапшылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыруда табысты нәтижеге қол жеткізген №13 «Экос» МГ және №18 МЛ пән апталықтарын атап өтті. Сабақтар ұлттық спорт түрлері (тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату) және ұлттық өнер (домбырада ойнау, дәстүрлі ән айту, қазақ биі, қазақ әндері) негізінде өткізілді.
Эстетикалық циклдің және «Дене шынықтыру» және «АӘДП» пән апталығының қорытындысы бойынша үздік үміткерлер ашық сабақтарды, шеберлік сыныптарын, сыныптан тыс іс-шараларды қалалық деңгейде көрсету үшін ұсынылатын болады.