№363/1
2024 жылғы 29 тамыздағы
Оқушыларды тасымалдауды
ұйымдастыру туралы
Жаңа 2024-2025 оқу жылының басталуына байланысты, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тасымалдауда қауіпсіздік шараларының барлық талаптарын сақтай отырып, келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мектeп директорларына:
-оқушыларды тасымалдау кезінде барлық қауіпсіздік шараларын және талаптарын орындау, сақтану ережелерін ұстану және aca жауапкершілікпен балалардың тасымалдауын қадағалау;
-оқушыларды мектепке дейін және кері тасымалдауды қамтамасыз етсін;
-балаларды тасымалдауға жауапты тұлға бекітілсін;
-тасымалдауға бекітілген автокөліктермен тек оқушыларды тасымалдау мақсатында ғана пайдалансын;
- тасымалдауға бекітілген автокөліктерімен бөтен адамдарды
тасымалдауға жол берілмесін;
-автокөліктерінің тасымалдауға бекітілген жургізушілерін осы
бұйрықпен тaныcтырып, танысқаны жөнінде қол қойғызылсын.
2. Бұйрықты орындау мектеп басшыларына жүктелсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басшы А.Нугертаева
Орынд.:А.Жусупова
С.Рыбинцева