"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық лицейі» КММ директорының бос лауазым орнын иеленуге ашық конкурс жариялайды

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ  «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазым орнын иеленуге ашық конкурс жариялайды

 

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 131600 теңгеден 143 322 теңге аралығында

 

Қызметтік міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңесті басқарады. Мектептің даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарларын, пән мұғалімдерінің қысқа мерзімді жоспарларын бекітеді. Жұмыс жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Білім беру қызметінің Құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқалар) қорғайды, олардың туыстық байланыстарын қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды бағу және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді.Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқу процесінде арнайы жағдайлар жасайды. Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына билік етеді. Ұйымның қызметі туралы, оның ішінде Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында қаржы және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуына жауап береді. Педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогтердің біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады. Жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады. Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады. Өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.Өзінің кәсіби дамуымен, соның ішінде менеджмент саласында жұмыс істейді. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен, соның ішінде балалар отбасыларымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. Білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін; менеджмент, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін; еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын.

           

Қатысушыларға негізгі талаптар:

  1. жоғары (жоо-нан кейінгі білім) педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
  2. педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық өтілі , орта білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі кемінде бір жыл;
  3. бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы немесе «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер (мемлекеттік қызметшілерді, (мемлекеттік қызметшілерді,педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда);

Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы  негізінде өткізіледі.

Конкурс төрт кезеңде өтеді:

1)  конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білуге тестілеу (анықтама болған жағдайда талап етілмейді);

      3) мемлекеттік білім беру ұйымының  Қамқоршылық кеңесімен келісу;

      4) үміткерлерді облыстық білім басқармасы органдарымен келісу;

5) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында сұхбаттасу.

 

Қамқоршылық кеңестің отырысына үміткер мемлекеттік білім беру ұйымының  дамуының Перспективалық Жоспарын ұсынады.

 

Үміткерлер Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын және  педагогика, психология негіздерін білуге тестілеуден өтеді.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар оны Көкшетау қаласы білім бөлімінің конкурстық комиссиясында өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

1) конкурсқа қатысуға өтініш;

2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттың көшірмесі; 

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 

5) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ және фото;

6) жазалары мен марапаттауларын көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);     

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама );

9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы (бар болған жағдайда).

12) біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан кемінде жетпіс екі сағат өткенін растайтын құжат;

14) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық Жоспары.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің қолы және мөрімен куәландырылады.

Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда үміткерге конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады

Конкурсқа қатысушылар өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттары, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу  туралы қосымша материалдар ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім бөлімінің ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде үміткермен келесі мекен-жай бойынша ұсынылуы тиіс:

 

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 57- үй, Көкшетау қаласы білім бөлімінің конкурстық комиссиясы немесе  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»  коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы) .

Анықтама телефондары: 50-18-69        

Жаңартылған күні: 30.07.2021 09:07
Құрылған күні: 30.07.2021 09:10

Текст