«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойыншабілім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Күншуақ» мектепке дейінгі шағын орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі
Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 142 000- 173 000 теңге аралығында
Қызметтік міндеттері: Нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру ұйымының қызметіне басшылық етеді. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіпте жұмыс оқу жоспарларының, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беретін бағдарламалардың, ішкі тәртіп ережелерінің әзірленуін және бекітілуін ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқу және тәрбие берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беретін бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, тәрбиелеу және оқыту үдерісі кезінде ұйымның тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігіне және денсаулығына қажетті жағдай жасайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогика мен психологияны, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, экономика, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздерін.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
1) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық;
2) педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы немесе «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл Жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда);
Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
3) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттың көшірмесі (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжаты);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ және фото;
6) жазалары мен марапаттауларын көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама,«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6697 болып тіркелген);
9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы (болған жағдайда).
12) біліктілікті арттыру,қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
13) білім берудегі менеджмент бойынша кемінде жетпіс екі сағат біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың Перспективалық Жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің қолы және мөрімен куәландырылады.
Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда кандидатқа конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Конкурсқа қатысушылар өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өз педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттары туралы қосымша материалдар ұсына алады.
Конкурсқа қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде мына мекенжайға жіберілуі тиіс:
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 57- үй, Көкшетау қаласы білім бөлімінің конкурстық комиссиясы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы) .
Анықтама телефондары: 50-18-66