«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазым орынға ашық конкурс жариялайды: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрай» балабақшасы», «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Арай» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының меңгерушілері
Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 97 528 до 152 380
теңге аралығында
Қызметтік міндеттері: Нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру ұйымының (бұдан әрі - МДҰ) қызметіне басшылық етеді.Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп қағидаларының сақталуын бақылайды.Мектепке дейінгі оқу және тәрбие берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беретін бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, тәрбиелеу және оқыту үдерісі кезінде ұйымның тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігіне және денсаулығына қажетті жағдай жасайды. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.Ұйымды басқарудың құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де сұрақтарды шешеді.Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді.Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне қолдау көрсетеді. Балаларға медициналық қызмет көрсетілуіне және тамақтануын ұйымдастыруға, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға және нығайтуға қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Заңнамамен белгіленген тәртіпте мектепке дейінгі ұйымның қаражаты мен мүлігін басқарады, қаражаттың түсуі мен жұмсалуы туралы жылдық есебін беріп отырады. Оқу-материалдық қордың сақталуы мен нығайтылуын, есеп жүргізілуін қамтамасыз етеді, санитарлық-гигиеналық тәртіп ережелерінің, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.Жұртшылықпен, ұйымдармен байланысты, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен) қарым-қатынасты жүзеге асырады.Педагогикалық кадрлардың және қосалқы персоналдың таңдалуын және орналастырылуын іске асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.Педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беруді (растауды) жүргізеді. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.Ұйым қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының«Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, экономика, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Қатысушыларға негізгі талаптар:
Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурс келесі кезеңде өтеді:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2)заңнаманы және педагогика, психология негіздерін білуге тестілеу(анықтама болған жағдайда талап етілмейді);
3) мемлекеттік білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесімен келісу;
4) үміткерлерді облыстық білім басқармасы органдарымен келісу;
5) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында сұхбаттасу.
Қамқоршылық кеңестің отырысына үміткермемлекеттік білім беру ұйымының дамуының Перспективалық Жоспарын ұсынады.
Үміткерлер Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын,Қазақстан Республикасының«Педагог мәртебесі туралы» Заңын,және педагогика, психология негіздерін білуге тестілеуден өтеді.
Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар оны Көкшетау қаласы білім бөлімінің конкурстық комиссиясында өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ және фото;
6) жазалары мен марапаттауларын көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама );
9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы (ол болған жағдайда).
12) біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан кемінде жетпіс екі сағат өткенін растайтын құжат;
14) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық Жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің қолы және мөрімен куәландырылады.
Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда үміткерге конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан бас тартылады
Конкурсқа қатысушылар өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, педагогикалық тәжірибесін жалпылау, марапаттары, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы қосымша материалдар ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім бөлімінің ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде үміткермен келесі мекен-жай бойынша ұсынылуы тиіс:
020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 57- үй, Көкшетау қаласы білім бөлімінің конкурстық комиссиясы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы) .
Анықтама телефондары: 50-18-69