"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған Конкурс

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес (Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына 2023 жылғы    5 қыркүйектегі №280 бұйрығымен өзгерістер енгізілуімен) «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдар өзектендірілген құжаттар ұсынған жағдайда келесі күнтізбелік жылға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың Тізбесіне енгізіледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен шарт (сыйымдылығы үш топқа дейін);

4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса). 

                       

  Конкурс 2023 жылғы 14 желтоқсанда өтеді, құжаттарды қабылдау 07.12.2022 жылдан 13.12.2023 жылға дейін жүзеге асырылады .

Жаңартылған күні: 06.12.2023 15:37
Құрылған күні: 06.12.2023 15:40

Текст