"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖК «Аза», «Founder school» балаларға арналған бизнес мектебі мониторингінің нәтижелері бойынша АКТ

ЖК «Аза», «Founder school» балаларға арналған бизнес мектебі мониторингінің нәтижелері бойынша АКТ

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының 83-тармағына сәйкес, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Қосымша білім беру ұйымдарында жоспарлы мониторинг жүргізу туралы»             20.06.2024 ж. №304 бұйрығының негізінде,  комиссия құрамында: А. Б. Нугертаева – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы, комиссия төрайымы; Н.М. Нуралин – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру секторының меңгерушісі, комиссия төрайымының орынбасары; Г. Ж. Искакова- Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі кеңесшісі, комиссия хатшысы; Куркин Ю. Б. - білім бөлімінің құқықтық сұрақтар жөніндегі кеңесшісі, комиссия мүшесі; Тайтенова С. О. – «Әділдік жолы» РҚБ филиалының сарапшысы, комиссия мүшесі; Нұрымова З.О.. –Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, комиссия мүшесі; Алимбетова А.А.-  «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, комиссия мүшесі; Боранбаева Арайлым Айшолпановна - Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі кеңесшісі; Булгаева Д.С. – «Атамекен» Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы құрамында жоспарлы монитторинг жүргізілді.

 Мониторинг құралы ретінде «Founder school» балаларға арналған бизнес мектебі қосымша білім берудің жалпы білім беретін, жалпы дамытатын бағдарламаларының мазмұнын, орындалуы мен нәтижелілігін, «Founder school» балаларға арналған бизнес мектебі орталығында тәрбиеленушілердің жайлы ортасын құруды бақылау пайдаланылды.

Директор:  Ильясова Динара Сериковна.

Ұйымның мекенжайы: Көкшетау қ., Әуельбеков к-сі 38/44

Телефон: 87013179032

Е-mail: dinara_180972@mail.ru

Тексеру үшін (ұйымның паспорттық деректері); Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар; білім алушылардың жасына сәйкес білім беру бағдарламалары; білім беру бағдарламасының сағаттық жүктемесін ескере отырып сабақ кестесі; бірлестікте қосымша білім беру педагогтерінің күнтізбелік-тақырыптық және қысқа мерзімді (күнделікті) жұмыс жоспарлары ұсынылды.

 

        

Білім беру үдерісі

         Мониторинг барысында анықталды:

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: гуманитарлық, әлеуметтік-педагогикалық.

 «Қазақ тілі курстары», «шешендік өнер, «кәсіпкерлік негіздері», үйірмелері жұмыс істейді.  Білім алушылардың жалпы саны 184 адам. Оқушылардың жасы 6 жастан 17 жасқа дейін.        

Білім беру процесі педагогтерге қосымша білім берудің бекітілген бағдарламаларына, күнтізбелік - тақырыптық жоспарларға, кестеге сәйкес ұйымдастырылған.

Бағдарламалардың мазмұны баланың жеке басының интеллектуалды және рухани дамуы үшін жағдай жасауға; оның эмоционалдық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қолдауға; танымға, өзін-өзі көрсетуге, шығармашылыққа, өзін-өзі жүзеге асыруға мотивацияны қалыптастыру және дамытуға; білім алушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарға баулуға бағытталған. Балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін білім беру бағдарламаларының бағыттарына, заманауи білім беру технологияларына, оқыту мен тәрбиелеудің нысандары мен әдістеріне сәйкес келеді.

 Оқытуды 5 педагог жүргізеді: Рахымжанова Баян Каиыржанқызы, Искакова Маира Исполовна, Аукарова Гульнара Жумашевна(педагог- зерттеуші), Тлеуова Анелия Маратовна, Рязанова Анна Александорвна.

Осы педагогтердің сабақтың мазмұнына, нормативтік талаптарға, білім алушылардың сұраныстары мен мүдделеріне, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігіне арналған жұмысының күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары зерделенді, қысқа мерзімді (күнделікті) жоспарлары талданды. Қосымша білім беру педагогінің құжаттамасы басшымен бекітілген. Сабақтың мазмұнына, нормативтік талаптарға, білім алушылардың сұраныстары мен мүдделеріне, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігіне арналған қысқа мерзімді жоспар зерделенді. Қысқа мерзімдік жоспарлар гугл дискісіне жүктелген.

Балалардың қауіпсіздік техникасы бойынша журналдар жүргізіледі.

         Балаларды ұйымға қабылдау (ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініштерінің, шарттың, медициналық анықтаманың 0-27, туу туралы куәліктің көшірмесі, дербес деректерді өңдеуге келісім), ҰБДБ ақпараттық жүйесін толтыру бойынша мониторинг жүргізілді. Білім алушының электрондық портфолиосымен балалардың тізімдері салыстырылды.

       Материалдық-техникалық база

Тексеру барысында Орталықтың материалдық базасына, оның пәндік – кеңістіктік ортасына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қағидаларының және техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізілді.

Ұйымның жалға берілетін ғимараты, жалпы ауданы 89 ш.м. әкімшілік ғимараттың тұрғын емес үй-жайында орналасқан. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқушы орындарының саны 184. 

Оқу кабинеттері – 2.

Қосалқы үй-жайлар: холл-1, фойе-1

Гуманитарлық пәндер кабинеттері үстелдер, орындықтар, шкафтар, маркерлік тақта, аудио қосымшалар, жұмыс дәптерімен жабдықталған. Материалдық-техникалық базасы қосымша білім беру үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру талаптарына сәйкес келеді.

Білім алушылардың қауіпсіздігі

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық –эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес ( ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.08 бұйрығы. 2021 ж. № ҚР ДСМ-76), ұйымның үй-жайларында, санитарлық тораптарында санитарлық ережелер мен нормалары ұстанады  және сақталады. Гигиеналық құралдар бар.

Ауыз су режимі бөтелкедегі суы бар салқындатқыштар арқылы жүзеге асырылады. Бір рет қолданылатын стақандар жеткілікті мөлшерде.

Өртке қарсы қауіпсіздік мақсатында (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы) мекемеде автоматты өрт дабылы, өрт сөндіргіштер орнатылды, ғимарат бойынша эвакуациялау жоспарлары орналастырылды. Өрт сөндіргіштер зарядталған. Автоматты өрт дабылы жұмыс істеп тұр. Барлығы 2 бейнекамера бар.  Ақпаратты сақтау мерзімі-30 күн. Камералар жұмыс күйінде (ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығы).

Өткізу режимі «Alakan Mektep» жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

         Қорытынды: ЖК «Аза», «Founder school» балаларға арналған бизнес мектебі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығының 66-тармағының талаптарын сақтайды және қамтамасыз етеді.

Ұсынымдар:

1. ЖК «Аза», «Founder school» балаларға арналған бизнес мектебінің әкімшілігі оқу-тәрбие процесін жүргізу, педагогтердің міндетті құжаттамасын жүргізу, қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу сапасына үнемі ішкі бақылау жүргізіп отырады. Орындау мерзімі: үнемі.

 Жауапты: қосымша білім беру ұйымының басшысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Комиссия төрайымының

орынбасары                                                                           Н.М. Нуралин

 

Комиссия мүшелері: 

                                                                                     Ю.Б. Куркин

                                                                       Д.С. Булгаева

  А. А. Боранбаева

 

 

Хатшы                                                                                        Г.Ж.Искакова  

Жаңартылған күні: 04.12.2024 17:20
Құрылған күні: 04.12.2024 17:20

Текст