ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА
2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
Астана, 2018
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2018-2019 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат – Астана: 2018. - 33 бет.
Әдістемелік нұсқау хат 2018-2019 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне: меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтарына әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
Аталған әдістемелік нұсқау хат «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылады (2018 жылғы 14 тамыздағы №5 хаттама).
Жалпы ережелер
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесінің алдына «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. Мектепке дейінгі білім беруге балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше үйрену дағдысы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет» міндеті қойылды.
Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының 2018-2019 оқу жылында меншік нысаны мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан барлық түрлерінде білім беру процесі балаларды мектепте оқуға табысты дайындауға сапалы білім беру қызметін ұсынуға бағытталған.
Аталған мақсатты іске асыру үшін 2018-2019 оқу жылына келесі міндеттер айқындалды:
- балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту;
- балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу («Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Туған жер» кіші бағдарламасы);
- ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен өз бетінше оқу дағдыларын дамыту;
- балалардың тарихқа, табиғатқа, мәдениетке және туған өлкенің бай мұрасына сүйіспеншілігін қалыптастыру;
- балаларды мектепте оқуға мақсатты түрде дайындау.
Білім беру процесін ұйымдастыруда келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу ұсынылады (1 қосымша):
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқстандағы №557 бұйрығы) ( бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспары);
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы);
- Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығы);
- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы) және басқалары.
Білім беру процесінің ерекшеліктері
Білім беру процесі перспективалық жоспарға, циклограммаға сәйкес жүзеге асырылады. Балалардың дамуын қадағалау үшін түрлі жас кезеңдерінде мониторинг жүргізіледі.
Табысты жоспарлау шарттары:
- жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
- Үлгілік бағдарламаның мазмұнын білу;
- қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін тиімді құралдарды, әдістерді таңдау;
- жоспарланған кезеңнің соңында қол жеткізілуі тиіс жұмыстың нәтижелерін нақты ұсыну;
-жоспарлау кезінде педагогтердің өз жұмысының деңгейін әділ бағалауы болып табылады.
Перспективалық жоспар өтпелі тақырыптарға сәйкес бір жылға құрылады (3 қосымша).
Педагог өтпелі тақырыптарды таңдауда (4 қосымша) өңірлік ерекшеліктерге, балалардың жастарына, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытына, халықаралық және республикалық маңызы бар мереке күндеріне бағдар жасай отырып, шығармашылық құзыреттілігін танытуы тиіс. Әрбір жас тобы үшін таңдалып алынған өтпелі тақырыптар педагогикалық кеңесте келісіледі және бекітіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын іске асыруды балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларын және өз бетінше үйрену дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру салаларының («Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») мазмұнын кіріктіру қамтамасыз етеді.
Перспективалық жоспарға сәйкес әрбір аптаға балалардың өтпелі тақырыптарды жан-жақты зерттеуіне бағдарланған, әлеуметтік дағдылары мен өз бетінше үйрену дағдыларын дамытуға бағытталған циклограмма құрылады (5 қосымша). Циклограммада Санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір күн тәртібі сәтінің міндеттері, мазмұны және ұзақтығы анықталады.
Педагогтер ұйымдастырылған оқу қызметі мен күн тәртібі сәттерінің білім беру міндеттерін анықтауда тәсілдерді өзгертуі қажет: оларға балаларды оқыту ұсынылмайды, өз бетінше шешім қабылдау үшін жағдайлар жасау, балаларға ойлануға, зерттеуге, белгілерді санауға және оларға бағдарлануға мүмкіндік беру.
Серуендерді, гимнастиканы (таңертеңгі, саусақ, артикуляциялық және т.б.), ойындарды (дамытушы, сюжеттік-рөлдік, қимылды, квест ойындары және т.б.) ұйымдастыру үшін түрлі картотекаларды қолдану ұсынылады. Картотекадағы карточкалар циклограммаға қосымша болып табылады.
Әдіскер тәрбиешілердің циклограмманы сапалы және уақытылы құрастыруын бақылауды тиісті ұсыныстар мен ескертулер енгізе отырып, тексерілген күнін көрсетіп, жүзеге асырады (6 қосымша).
Мониторинг жүргізу – педагогтердің бала дамуын үнемі бақылауы арқылы оның жетістіктерінің деңгейін ерте жастан бастап анықтауды қарастырады.
Мониторингтің мақсаты:
-баланың жетістіктерін қадағалау;
- балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету;
-түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін жетілдіру;
-баланың Үлгілік бағдарларма мазмұнын игеру деңгейін анықтау.
Мониторинг нәтижелері «Бақылау парағында» (7 қосымша) толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады. Баланың жеке даму картасының (8 қосымша) «Түзету іс-шаралары» бөлімінде диагностиканың қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар баланы одан әрі дамыту іс-шараларын толтырады.
Диагностиканы ұйымдастыру және жүргізу механизмі, балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін есептеу әдістемесі «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдарында» толық баяндалған және «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.rc-dd.kz . порталына орналастырылған.
Мониторинг мынадай сызба бойынша жүргізіледі:
- әрбір баланың даму нәтижелері;
- топтың жалпы даму нәтижелері;
- мектепке дейінгі ұйым бойынша балалардың даму нәтижелері;
- аудан, қала, облыс, республика бойынша балалардың даму нәтижелері.
Мектепке дейінгі ұйым қызметі екі кезеңге бөлінеді:
1)1 қыркүйектен 31 мамырға дейін – Үлгілік бағдарлама мазмұнын игеру кезеңі;
2) 1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі.
Жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмыс балаларды сауықтыруға, шынықтыруға, дене дамуына және өтілген бағдарлама материалын бекітуге бағытталады.
Балаларды жазғы кезеңде сауықтыру жүйесі қамтиды:
-дене-сауықтыру жұмысы (спорттық және қимылды ойындар, таңертеңгі гимнастика, сергіту сәттері, музыкалық-ырғақтық қимылдар, дербес қимыл белсенділігі, ұсақ моториканы дамыту ойындары, тыныс алу жаттығулары, көзге арналған гимнастика және т.б.);
- тиімді тамақтануды ұйымдастыру;
- шынықтыру (күннің көзіне қыздырыну, серуендер, жорықтар, жарыстар және т.б.).
Мектепке дейінгі ұйымда жаз кезеңі шығармашылық, сауықтыру мен қарым-қатынас, ойындар, сауық-кештер, бірлескен және жеке еңбек, тәжірибелік-эксперименттік әрекет түрлерін қамтиды.
Балаларды дамыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық шарттарына қойылатын талаптар
- педагогикалық процесте балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін жұмыстың формалары мен әдістерін қолдану;
- мектепке дейінгі ұйымның барлық педагогтері мен мамандарының және ата-аналардың балалармен өзара іс-әрекеті негізінде әрбір баланың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру қызметін құру;
- балалардың бір-біріне деген оң, тілектестік қарым-қатынасын ересектердің қолдауы;
- ересектердің балаларға құрметпен қарауы, балалардың өзін-өзі оң бағалауын, өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне деген сенімділіктерін қолдау;
- диагностика жүргізуге және түзету жұмыстарын дамытуға, сондай-ақ балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті жағдайлар жасау;
-білім беру процесінде Оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу-әдістемелік әдебиеттерді қолдану;
- педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру;
-Іс-шараларды өткізу туралы Ережеге сәйкес ата-аналар жиналыстарында іс-шараларды (мерекелер, ертеңгіліктер, бос уақыт) өткізу тәртібін талқылау және бекіту. Әрбір мектепке дейінгі ұйымда болуы тиіс аталған құжатқа іс-шараларды ұйымдастыру, ата-аналардың қатысу тәртібін және оларды өткізу ережесін және т.б. енгізу керек;
- баланы тәрбиелеу мен дамытуда, оның ішінде инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтер мен ата-аналарға кеңес беру;
- іс-шараларды өткізуде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі қызметтер (фото, - бейне түсірілімдер, аниматорлар және т.б.) көрсету үшін бөгде адамдардың қатысуына жол бермеу;
- іс-шараларды өткізуде ата-аналардың шығындалуын болдырмау (туған күндер, балабақшаны бітіруге арналған ертеңгіліктер және т.б.);
-мектепке дейінгі ұйымдарда гаджеттерді пайдалануға (смартфондар, планшеттер және т.б.), балалардың денсаулығына және физикалық дамуына теріс ықпал ететін, психикалық бұзылыстарға, шығармашылық белсенділіктің төмендеуіне, сөйлеудің дамуын тежеуге және басқа да жағымсыз әрекеттерге әкеп соғуы мүмкін телевизиялық хабарларды (мультфильмдерді) көруге тыйым салу.
Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар
Ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлауда мынадай ұстанымдарды сақтау ұсынылады:
- Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесін сақтау (ұйымдастырылған оқу қызметінің саны мен ұзақтығы Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі, вариативті компонент күннің екінш жартысында өткізеді);
- білім беру процесінің балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі (анағұрлым ақыл-ойға салмақ түсіруді талап ететін ұйымдастырылған оқу қызметтерін аптаның ортасында белсенді қимыл әрекеті бар ұйымдастырылған оқу қызметімен алмастырып жоспарлау);
- күн тәртібі сәттерін өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық, дидактикалық талаптарды ескеру;
- өңірлік және климаттық ерекшеліктерді ескеру (серуендерді, шынықтыру мен сауықтыру іс-шараларын, ертеңгіліктерді және т.б. өткізу кезінде);
- балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
- тәрбиелік, оқыту, дамыту міндеттерінің өзара байланысы, оларды ұйымдастырылған оқу қызметтері және басқа да әрекет түрлерінде іске асыру;
- балалардың эмоционалдық жеңілденуі бойынша жұмыс түрлерін өткізу (психогимнастика, релаксация, түс терапиясы, музыка және т.б.);
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің кіріктірілген түрлерін жоспарлауда барлық педагогтердің өзара ықпалдастығы.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің құжаттаманы рәсімдеуіне қойылатын талаптар:
Іс қағаздарының жүргізілуі мен дұрыс ұйымдастырылуына, құжаттардың мезгілінде орындалуы және олардың сақталуына жауапкершілік мектепке дейінгі ұйым басшысына және штаттық кесте бойынша тиісті қызметкерге жүктеледі.
Ұсынылатын құжаттама тізбесі:
Тәрбиешінің құжаттары:
1) қатысу табелі;
2) «Балалардың әлеуметтік картасы» журналы (электронды түрде);
3) бір жылға арналған перспективалық жоспар;
4) циклограмма (аптаға арналған);
5) диагностика материалдары: Бақылау парағы, Баланың жеке даму картасы (электронды түрде);
6) топтың ата-аналар жиналысының хаттамалары.
Әдіскердің құжаттамасы:
Басшы құжаттамасы:
1) мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер;
2)жылдық жұмыс жоспары;
3) МДҰ педагогикалық кеңестерінің хаттамалары;
4) жалпы ата-аналар жиналысының хаттамалары;
5) МДҰ Жарғысы;
6) ішкі бұйрықтар мен өкімдер;
7) ішкі тәртіп ережесі;
8) МДҰ қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері;
9) техникалық қауіпсіздік бойынша құжаттар;
10) Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдай құжаттары (жоспарлар, ақпараттар, хат алмасулар).
«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне және ата-аналарға көмек ретінде мынадай материалдарды әзірлейді және www.rc-dd.kz. сайтына орналастырылады (9 қосымша) :
- педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Туған жер» кіші бағдарламасын іске асыру бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар, ерте жастағы балаларды күту және дамыту, оларда әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын қалыптастыру бойынша ақпараттар;
- педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және олардың үздік тәжірибелерін тарату мақсатында «Дана бала» электронды ғылыми-әдістемелік журнал шығарылады.
1қосымша
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттардың тізбесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы білім беру қызметін қамтамасыз етуде қажетті жағдайларды жасау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативті-құқытық құжаттардың тізбесі:
3. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы.
4. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Заңы.
5. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы.
7. «
8. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 615 бұйрығы.
9. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарттары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 қаулысы.
10. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы.
11. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.
12. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.
13. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы.
14. «Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы.
15. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы.
16. Мектепке дейінгі ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 ҚРҮҚ.
17. «Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидалары, ҚР БҒМ 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы.
18.«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы.
19. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы.
20. Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі, ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы.
2 қосымша
Мектепке дейінгі ұйымның күн тәртібінің үлгісі
Күн тәртібінің бөліктері
|
Балалардың жасы |
||||
---|---|---|---|---|---|
2–3 |
3–4 |
4–5 |
5–6 |
6–7 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қабылдау, қарау, ойындар, таңғы жаттығу |
7.30 - 8.00 |
7.30 - 8.00 |
7.30 - 8.00 |
7.30 - 8.00 |
7.30 - 8.00 |
Таңғы ас |
8.00 - 8.40 |
8.00 - 8.40 |
8.00 - 8.30 |
8.00 -8.30 |
8.00 -8.30 |
Ойындар Ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық |
8.40 - 9.15 |
8.40 - 9.15 |
8.30 - 9.00 |
8.30 -9.00 |
8.30 -9.00 |
Ұйымдастырылған оқу қызметтері (үзілістерімен бірге) |
9.15 - 9.45 |
9.15 – 10.20 |
9.00 - 10.10 |
9.00 -10.55 |
9.00 -11.15 |
Серуенге дайындық |
9.45 -10.05 |
10.20 - 10.40 |
10.10 - 10.30 |
10.55-11.10 |
11.15-11.30 |
Серуен |
10.05-11.30 |
10.40 - 12.00 |
10.30 - 12.00 |
11.10-12.30 |
11.30-12.30 |
Серуеннен оралу |
11.30 - 11.50 |
12.00 - 12.20 |
12.00 -12.20 |
12.30 -12.40 |
12.30 -12.40 |
Түскі ас |
11.50 - 12.30 |
12.20 - 13.00 |
12.20 - 13.00 |
12.40 -13.10 |
12.40 -13.10 |
Ұйқы |
12.30 - 15.00 |
13.00 - 15.10 |
13.00 - 15.10 |
13.10 -15.10 |
13.10 -15.10 |
Біртіндеп ояту, ауа, су шаралары |
15.00 - 15.30 |
15.10 - 15.40 |
15.10 - 15.40 |
15.10 -15.40 |
15.10 -15.40 |
Бесін ас |
15.30 - 16.00 |
15.40 - 16.10 |
15.40 -16.10 |
15.40 -16.10 |
15.40 -16.10 |
Ойындар, дербес әркет |
16.00 - 16.20 |
16.10 -16.30 |
16.10 -16.30 |
16.10 - 16.40 |
16.10 - 16.40 |
Серуенге дайындық |
16.20 - 16.40 |
16.30 - 16.50 |
16.30 -16.50 |
16.40 -16.50 |
16.40 -16.50 |
Серуен |
16.40 - 17.40 |
16.50 - 17.50 |
16.50 - 17.50 |
16.50 - 17.50 |
16.50 - 17.50 |
Серуеннен оралу |
17.40- 18.00 |
17.50 - 18.00 |
17.50 - 18.00 |
17.50-18.00 |
17.50-18.00 |
Балалардың үйге қайтуы |
18.00 - 18.30 |
18.00 - 18.30 |
18.00 - 18.30 |
18.00 - 18.30 |
18.00 - 18.30 |
3 қосымша
ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР (үлгі)
Бірінші кіші топ 2018 жыл желтоқсан айы Өтпелі тақырып: «Жайнай бер, Қазақстаным!»
Мақсаты: Балалардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, олардың патриоттық сезімдерін ояту.
Міндеттері:
- Астана қаласымен, мемлекеттік рәміздермен және еліміздің Тұңғыш Президентімен таныстыру;
- туған жерге деген мақтаныш сезімдерін, қызығушылықтарын ояту;
- балаларды тыңдаған әңгімелер мен тақпақтардың мазмұнын тыңдай білуге және түсінуге үйрету.
|
«Денсаулық»-3 Дене шынықтыру-3 |
Коммуникация-1 Сөйлеуді дамыту-0,5 Көркем әдебиет -0,5 |
Таным- 2 Сенсорика-0,5 Құрастыру-0,5 Жаратылыстану-1 |
Шығармашылық- 3 Сурет салу-1, Мүсіндеу-0,25 Аппликация-0,25; Музыка – 1,5 |
Әлеумет-0 |
1 апта |
Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Ұзындығы 2,5-2м, ені 20 см тақтай бойымен жүру. Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен секіру.
2.Бір қатармен тізені жоғары көтеріп жүру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы себетке допты дәлдеп лақтыру.
3. Құрсаудың ішіне қос аяқпен секіру. Кедергілер арасынан жүгіру.
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің атам» Елбасы туралы суреттерді қарастыру |
Сенсорика Тақырыбы: «Бәйтерек»
Жаратылыстану Тақырыбы: «Туған өлке жануарлары. Түйемен таныстыру
|
Сурет салу Тақырыбы:«Желбірейді байрағым» саусақпен сурет салу
Музыка Тақырыбы: «Менің атам» Ән тыңдау: Әй-әй, ата!» Ө.Байділдаев Ән айту: «Туған жер» Қ.Қуатбаев Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» Б. Қуатбаев Музыка Тақырыбы: «Туған жер сүйемін» Ән тыңдау: «Менің Отаным» Ө.Байділдаев Ән айту: «Туған жер» Қ.Қуатбаев Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Құлыншақтар биі» |
Туған елге, Елбасына деген жағымды қарым-қатынасты орнату, адамгершілік, патриоттық сезімдерін ояту |
2 апта |
Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Еденде ирелеңдеп жатқан жіптің үстімен жүру. Сызықтардың, жіптердің арасымен жүгіру. 2.Бағдар бойынша кілемнің бойымен жүріп келіп, бір орында баяу айналу. 3.Жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру.
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Отан» Е.Өтетілеуұлы «Отан» өлеңін оқып беру |
Құрастыру Тақырыбы: «Көпір»
Жаратылыстану Тақырыбы: «Табиғат туған үйіміз»
|
Сурет салу Тақырыбы: «Бәйтерек» Музыка Тақырыбы: . «Менің Қазақстаным» Ән тыңдау: «Қазақстан» С.Мұхаметжанов, Ғ.Жұмабаев. Ән айту: «Туған жер» Қ.Қуатбаев Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Сылдырмақтар биі»
Аппликация Тақырыбы: «Туған өлкем»
|
Айналасындағы адамдар мен заттарға, табиғатқа қамқорлық танытуға, мейірімді болуға баулу |
3 апта
|
Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Бір сызықтан қос аяқпен секіру. Допты себетке лақтыру. 2.Төрттағандап тақтайдың үстімен жүріп, бірнеше кедергіден (лента, текше) өту. 3.Шеңберден шеңберге аттау. Допты қағып алу.
|
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің құтты мекенім» (сурет бойынша әңгіме құрау) |
Сенсорика Тақырыбы: «Әсем қалам Астанам»
Жаратылыстану Тақырыбы: «Туған өлке табиғаты»
|
Сурет салу Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық тағамы - бауырсақ»
Музыка Тақырыбы: «Біз бақытты баламыз» Ән тыңдау: «Әлди,әлди,бөпем-ай» Б.Аманжол, Г.Аманжол. Ән айту: «Туған жер» Қ.Қуатбаев Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Құлыншақтар биі»
Музыка Тақырыбы: «Шырша жыры» Ән тыңдау: «Сәлемет пе,Аяз ата» Б.Дәлденбай, И.Сапарбай Ән айту: «Жасыл шырша жанында» К.Қуатбаев, А.Асылбек. Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ұлпақарлар» биі
|
Тұған өлкенің табиғатына, айналасындағы адамдарға сүйіспеншілік танытуға баулу |
4 апта |
Дене шынықтыру (негізгі қимылдар) 1.Шеңбер бойымен жүру. 30-40 секунд бойынша үзіліссіз жүгіру. 2.Құм салынған қапшықты нысанаға лақтыру. Бір сызықтан қос аяқпен секіру. 3.Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру. Ауданы 50*50см, биіктігі 10см мінбеге өрмелеу
|
Көркем әдебиет Тақырыбы: «Туған өлкем» С. Сейфуллиннің «Туған өлкем» өлеңін оқып беру
|
Құрастыру Тақырыбы: «Бәйтерек»
Жаратылыстану Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» құстардың қысқы тіршілігін бақылау
|
Сурет салу Тақырыбы: «Күннің нұры» дөңгелек және түзу сызықтарды салу Музыка Тақырыбы: «Мен бақытты балақан» Ән тыңдау: «Құлыншақ» Ә.Бәйділдаев Ән айту: « Балақан мен алақан » А.Асылбеков Музыкалық-ырғақтық қимылдар «Қонжықтар» биі
Мүсіндеу Тақырыбы: «Аққала»
|
Еліміздің рәміздерімен таныстыру, Отанға деген мақтаныш сезімдерін ояту |
15
4 қосымша
Перспективалық жоспар құруға арналған өтпелі тақырыптар:
16
17
(оңтүстік пен солтүстіктегі күзгі ауа-райы), күздің түрлі мезгілімен таныстыру: ерте күз, алтын күз, күрең күз – көкөніс, жемістер, астық өнімін жинау мезгілі.
18
19
моционалдық жағымды қатынасты, алғыр, мықты, жігерлі Отан қорғаушылар болуға тәрбиелеу.
20
алғашқы білімін қалыптастыру, табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қоршаған ортаға ұқыпты, жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу, табиғатта және тұрмыста сауатты және қауіпсіздік тәртіп дағдыларына үйрету.
22
5 қосымша
ЦИКЛОГРАММА (үлгі) бір аптаға (3-7 желтоқсан 2018 ж.)
Бірінші кіші топ Өтпелі тақырып: «Жайнай бер, Қазақстаным!»
4-апта
Күн тәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
||||||||||||
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен әңгімелесу. |
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: Отан, туған ел, Елбасы, рәміздер туралы әңгімелесу, жағымды қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға әртүрлі ойындар ұйымдастыру. |
||||||||||||||||
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б ) |
«Менің Отаным» Суреттер әлеміне саяхат |
«Кішкентай көмекшілер» ойыны Мақсаты: пішіндерді ұяшықтарға түстеріне және көлеміне сәйкес орналастыру |
«Өз үйіңді табу» ойыны Мақсаты: үлкен – кіші ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту |
«Менің атам» Елбасы туралы суреттерді қарастыру |
Үстел -үсті ойыны пазл: «Үйшік құрастыр» Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту. |
||||||||||||
Таңертеңгілік гимнастика (5 мин) |
№2 таңғы жаттығулар кешені |
||||||||||||||||
Таңғы ас |
Астарың дәмді болсын! Ботқаны тауысып жеуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету. |
||||||||||||||||
Ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық |
«Мен бастаймын, сен аяқта» таныс тақпақтарды еске түсіру |
Үстел-үсті ойыны «Сыңарын табу» заттың суретін дұрыс ретімен қоюға дағдыландыру |
Туған өлке туралы суреттер қарау |
«Менің Елім» әңгімелесу |
«Туған өлке ғажайыптары» әңгімелесу |
||||||||||||
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырыл- ған оқу кестесі |
Денешынықтыру Ұзындығы 2,5-2м, ені 20 см тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап дұрыс жүруге үйрету. Секірпемен дұрыс секіруге дағдыларын жетілдіру Қимылды ойын: «Көкпар» |
Жаратылыстану Тақырыбы: «Туған өлке жануарлары. Түйемен таныстыру Туған өлке жануарларымен таныстыру арқылы үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, туған өлкеге мақтаныш сезімдерін ояту. Үстел-үсті ойыны: «Бөліктерді құрастыр
Музыка Әндерді тыңдау ережесін сақтауға, ересектердің дыбыстарына еліктеп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен айтуға, қимылдарды музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындауға үйрету. |
Сенсорика Тақырыбы: «Бәйтерек» бір өлшемді шар мен текшелерден бәйтеректі құрастыру. Ауызша нұсқау мен үлгіге қарай отырып тапсырмаларды орындауға үйрету. Дидактикалық ойын: «Түстерін ата»
Дене шынықтыру Сапта бір қатармен тізені жоғары көтеріп жүру дағдыларын жетілдіру. Екі қолмен белгілі арақашықтықты сақтап себетке допты дәлдеп лақтыруға жаттықтыру. Қимылды ойын: «Мергендер» |
Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Менің атам» Балалардың бойында Елбасына , Отанына, туған еліне деген құрметті қалыптастыру, Елбасының есімі мен тегін айтқызу. Берілген сұрақтарды түсініп, дұрыс жауап беруге дағдыландыру. Музыка Әнді тыңдау ережесін сақтауға, сөзылыңқы дыбысталуға еліктей отырып, ересекпен бірге ән айтуға, музыканың сүйемелдеуімен дұрыс жүруге үйрету.
|
Сурет салу Тақырыбы:«Желбірейді байрағым» саусақпен сурет салу
Түзу және толқынды сызықтардың көмегімен байрақтың сұлбасын саусақпен салуға үйрету
Дидактикалық ойын: «Суретті толықтыр»
2.Дене шынықтыру Құрсаудың ішіне қос аяқпен секіру дағдыларын қалыптастыру. Кедергілер арасымен теп-теңдікті сақтап жүгіруге үйрету. Қимылды ойын: «Қуыспақ»
|
||||||||||||
Серуенге дайындық |
Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру |
||||||||||||||||
Серуен |
Ауа-райын, аулаға ұшып келетін құстарды бақылау, қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, дене шынықтыруға баулу Еңбек: Ересектің көмегімен қарапайым тапсырмалар, ойын алаңын таза ұстауға баулу, жағымды көңіл күйге бөлеу Қимылды ойындар: Қуыспақ, Кім жылдам? Лақтыр да қағып ал, Қояндар, Боз жорға |
||||||||||||||||
Серуеннен оралу |
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, өз шкафтарын тауып көрсетуге үйрету. Гигиеналық шараларын ұйымдастыру. |
||||||||||||||||
Түскі ас
|
Балалардың назарын тағамға аудару, тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге қалыптастыру |
||||||||||||||||
Түскі ұйқы |
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай жасау |
||||||||||||||||
|
«Бір үзім нан» ертегісін оқып беру |
Баяу музыка тыңдату |
Түлкі мен ешкі ертегісін оқып беру
|
«Бесік жырын» тыңдату
|
«Не дәмді?» ертегісін оқып беру
|
||||||||||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары |
Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру. Мәдени-гигиеналық дағдыларды орындау. |
||||||||||||||||
Бесін ас |
Балалардың назарын тағамға аудару, алдарына берілген тамақтарын тауысып жеп болған соң тұруға дағдыландыру. |
||||||||||||||||
Ойындар, дербес әрекет
|
«Менің Отаным» тақырыбы бойынша суреттер қарастыру. Жыл мезгілі туралы әңгімелесу «Қыс (Сурет құрастыру |
Сюжетті-рөлдік ойын «Астанам бас қалам» ірі құрылыс материалдарымен ойындар. |
«Елтаңбам» суретті кітапшаларды бояу |
Ойын «Кімнің заттары?» (Достарының заттарын анықтау) |
«Төлдерін ата» сюжеттік ойыншықтармен ойындар |
||||||||||||
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс |
«Біз тұратын қала» қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. |
«Менің құтты мекенім» Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен байыту |
«Ғажайып қапшық» баланың сөздік қорын заттардың атауларын білдіретін сөздермен байыту |
Жыл мезгілі туралы әңгімелесу. қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету. |
Дидактикалық ойын: «Атын атап бер» түсті қабылдауды және қолдың ұсақ моторикасын дамыту. |
||||||||||||
Серуенге дайындық |
Киіну: Серуенге шығу. Балалардың дербес ойындары. |
||||||||||||||||
Серуен |
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу. |
||||||||||||||||
Балалардың үйге қайтуы |
Ата-аналарға кеңес «Отан отбасынан басталады» баланы отбасындағы адамдарға мейірімді қарым-қатынас жасауға баулу |
Психолог кеңесі (жеке балаларға) |
Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу. |
Кеңес: Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы. |
«Жайнай бер Қазақстаным» тақырыбына қолдан жасалған бұйымдардан, суреттерден көрме ұйымдастыру. |
||||||||||||
27
6 қосымша
2018-2019 оқу жылы қыркүйек айына арналған әдіскердің жұмыс жоспары (үлгі)
Апта күндері |
I апта |
II апта |
III апта |
IY апта |
|||||
Дүйсенбі |
7.45-8.00 Таңертеңгі гимнастиканың өткізілу сапасына салыстырмалы бақылау: |
||||||||
2 кіші топтарда
|
ортаңғы топтарда
|
ересек топтарда
|
1кіші топтарда
|
||||||
8.20-8.55 Ағымдық бақылау: Тамақтану кезінде мәдени-гигиеналық дағдыларды ұйымдастыру және өткізу (денені дұрыс ұстау, мәдениетті тамақтану) |
|||||||||
9.00- 10.00 Әкімшілік бақылау: 1 және 2 кіші топтарда ұйымдастырылған оқу қызметін бақылау және талдау. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету. |
|||||||||
10.20-10.35 Жедел бақылау- серуенді ұйымдастыру және өткізу: |
|||||||||
2 кіші топта бақылауды ұйымдастыру |
1 кіші топта еңбек әрекетін ұйымдастыру |
Ортаңғы топта ойын әрекетін ұйымдастыру |
Ересек топта ойын әрекетін ұйымдастыру |
||||||
14.00-14.30 Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі жанындағы өндірістік жиналыс |
|||||||||
14.30-16.00 Құжаттармен жұмыс: ақпараттық тақтаны жаңартылған құжаттармен толықтыру: (Әдістемелік-нұсқау хат, Әдістемелік басшылық, әдістемелік ұсынымдар және т.б.). |
|||||||||
17.00-18.00 Тәрбиешілермен көрнекі материалды жаңарту бойынша жұмыс «Мектепке дейінгі ұйымның ішкі тәртіп ережесімен таныстыру»
|
17.00-18.00 Ата-аналармен сауалнама жүргізу «Түрлі жас топтарында бейімделудің психологиялық аспектілері» |
17.00-18.00 Мамандардың жұмыс жоспарларымен танысу (психолог, логопед)
|
17.00-18.00 Мамандармен жұмыс (спорт нұсқаушысы, ағылшын тілі мұғалімі); өтпелі тақырыптарға сәйкес жоспарды іске асыру |
||||||
Сейсенбі |
8.00-8.45 Ағымдық бақылау: Топтарды аралап шығу. Ұйымдастырушы сұрақтар |
||||||||
9.00- 10.00 Әкімшілік бақылау : Ұйымдастырылған оқу қызметінде өтпелі тақырыпты іске асыру. Ересек топта білім беру процесін бақылау және талдау. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету. |
|||||||||
11.00-12.00 Ағымдық бақылау: |
|||||||||
28
|
|||||||||
1 кіші топта еңбек әрекетін ұйымдастыру |
2 кіші топта бақылауды ұйымдастыру және өткізу |
Ортаңғы топта еңбек әрекетін ұйымдастыруды бақылау |
Ересек топта ойын әрекетін ұйымдастыру |
||||||
11.50-12.20 1 кіші топта тамақтану кезінде мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру |
|||||||||
13.30-14.30 Әдістемелік сағат |
|||||||||
1. Әдістемелік-нұсқау хатты зерделеу бойынша әдістемелік кабинетте жұмыс жүргізу. 2.Түрлі жас топтарында таңертеңгі гимнастиканың өткізілуін талдау
|
Диагностика жүргізу үшін Бақылау парағы мен Баланың жеке даму картасын толтыру тәртібі |
1. Тілдер апталығына дайындық (іс-шаралар жоспарын құрастыру) 2.Жаңадан келген балалардың бейімделуі бойынша іс-шаралардың жүргізілуі туралы психологтың ақпараты |
Түрлі жас топтарындағы балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін анықтау бойынша бастапқы бақылаудың нәтижелері.
|
||||||
13.00-15.00 Құжаттармен жұмыс: Жас маманның жұмыс жоспарын құрастыру |
|||||||||
16.00-17.30 Қосымша білім беру қызметтерінің жүргізілу сапасын бақылау |
|||||||||
сәрсенбі |
8.00-8.45 Ағымдық бақылау: Топтарды аралап шығу. Ұйымдастырушы сұрақтар. |
||||||||
9.00- 10.00 Әкімшілік бақылау : Ұйымдастырылған оқу қызметінде өтпелі тақырыптың іске асырылуы. Ортаңғы топта білім беру процесін бақылау және талдау. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету. |
|||||||||
10.00-10.15 1 кіші топ балаларының серуенге шығуын ұйымдастыру және ойын әрекетін өткізу |
10.15-10.25 Ортаңғы топ балаларымен серуенде бақылауды ұйымдастыру |
11.00-11.20 2 кіші топ балаларымен ойын әрекетін ұйымдастыруды бақылау |
11.20-11.30 Ересек топ балаларымен серуенде еңбек әрекетін ұйымдастыру
|
||||||
12.20-12.30 Ағымдық бақылау : ересек топта кезекшілікті ұйымдастыру |
|||||||||
13.30-15.00 Тақырыптық бақылау: Педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы - «Нормативтік базаның жаңартылған мазмұнына сәйкес түрлі жас топтарында заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның жабдықталуы» |
|||||||||
15.10-15.40 Салыстырмалы бақылау: 2 кіші топтарда шынықтыру шараларын ұйымдастыру |
|||||||||
16.00-17.30 Мектепке дейінгі ұйымның оқу жоспарындағы вариативтік бөлімінің өткізілу сапасын бақылау |
|||||||||
17.00-18.00 Әдіскердің ата-аналарды қабылдау күні |
|||||||||
Бейсенбі |
8.00-8.25 Ағымдық бақылау: Топтарды аралап шығу. Ұйымдастырушы сұрақтар.
|
||||||||
8.30 - 10.00 Жаппай бақылау: 1 кіші топқа жаңадан келген балалардың бейімделуі бойынша іс-шараларды бақылау және талдау (№1 педкеңеске дайындық: Жаңадан келген балалардың бейімделу кезеңінің өткізілу қорытындысы). |
|||||||||
29 |
|||||||||
Ағымдық бақылау: |
|||||||||
10.30-10.50 1 кіші топта ойын әрекетін ұйымдастыру
|
10.50-11.10 2 кіші топта ойын әрекетін ұйымдастыру
|
11.30-11.50 Ортаңғы топта серуенде ойын әрекетін ұйымдастыру |
11.10-11.30 2 кіші топта ойын әрекетін ұйымдастыру
|
||||||
12.30-12.45 Ортаңғы және ересек топтарда түскі асқа дайындық кезінде кезекшілікті ұйымдастыру |
|||||||||
14.00-14.30 Семинар-практикум: балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша бастапқы бақылауды жүргізу |
14.00-14.30 Педагогтермен бақылау қорытындысы бойынша жеке әңгімелесу. Әдістемелік көмек. |
14.00-14.30 Кеңес беру: Түрлі жас топтарында заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның жабдықталуын жетілдіру |
14.00-14.30 Әдістемелік кабинетте жұмыс жүргізу: жаңа әдістемелік әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен танысу |
||||||
14.30-15.00 Кадрлармен жұмыс: Аттестаттаудан өтетін педагогтерге аттестаттау кезеңінің өткізілу жоспарын құру бойынша кеңес беру. Аттестаттау материалдарын талқылау |
|||||||||
15.00-15.30 Медициналық - педагогикалық бақылау: Сауықтыру жұмысын ұйымдастыру және өткізу. Балалардың ауру-сырқауларына талдау жасау: |
|||||||||
1кіші топтарда
|
2 кіші топтарда
|
ортаңғы топтарда |
ересек топтарда |
||||||
15.30-17.00 Құжаттармен жұмыс: әдістемелік іс-шаралар материалдарын рәсімдеу және жүйелеу (анықтамалар, хаттамалар және т.б.), алдағы айға жұмыс жоспарын құру. |
|||||||||
Жұма |
8.30-9.00 Ағымдық бақылау: Топтарды аралап шығу. Ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық. |
||||||||
9.00- 10.00 Әкімшілік бақылау : түрлі жас топтарында ұйымдастырылған оқу қызметінің барысында айдың өтпелі тақырыбының іске асырылуы. |
|||||||||
10.00- 12.00 Әдіскердің алдағы айға жұмыс жоспарын құруы. |
|||||||||
12.10-12.20 Ағымдық бақылау: ортаңғы топта жуынуды ұйымдастыру және өткізу |
|||||||||
13.30- 15.00 Алдағы аптаға түрлі жас топтарының циклограммаларын тексеру және бекіту |
|||||||||
15.30-16.30 Тақырыптық бақылау: Оқу жоспары вариативтік бөлімінің өткізілу сапасы (№ 1 педагогикалық кеңеске дайындық) |
|||||||||
17.00-18.00 «Балабақша» айдың өтпелі тақырыбын іске асыру бойынша көрмелерді , стендтерді безендіру жұмысы |
|||||||||
7 қосымша
Балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін бастапқы бақылау диагностикасының нәтижелерін бақылау парағы
Астана қаласы, №5 «Арман» балабақшасы, «Күншуақ» бірінші кіші тобы
2018-2019 оқу жылы Өткізу уақыты: қыркүйек
«Денсаулық» білім беру саласы |
|
|
2-3-Д. 1 |
2-3-Д.2 |
2-3-Д. 3 |
2-3-Д. 4 |
Жалпы саны |
Орташа деңгей |
Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі |
ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады |
негізгі қимыл түрлерінің бастапқы дағдыларына: жүру, жүгіру, өрмелеу, тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын игерген |
жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын меңгерген |
шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады |
|||||
1 |
Ахметов Арман |
II |
III |
II |
II |
9 |
2,25 |
III |
2 |
Омарова Сәния |
III |
III |
III |
II |
11 |
2,75 |
III |
3 |
Асылбеков Ғалым |
II |
II |
III |
III |
10 |
2,5 |
II |
4 |
Смаилов Әсет |
III |
III |
II |
III |
11 |
2,75 |
III |
5. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды: |
I – 0 II – 3 III – 1
|
I – 0 II – 1 III – 3 |
I – 0 II – 2 III – 2 |
I – 0 II – 2 III – 2 |
|
|
|
I деңгей - 0 II деңгей – 1 III деңгей - 3 Жалпы топ бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі – III |
Балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін бастапқы бақылау диагностикасының нәтижелерін бақылау парағы
Астана қаласы, №5 «Арман» балабақшасы, «Күншуақ» бірінші кіші тобы
2018-2019 оқу жылы Өткізу уақыты: қыркүйек
|
«Коммуникация» білім беру саласы |
||||||||||||||
№ |
Баланың Т.А.Ә. |
Сөйлеуді дамыту |
Көркем әдебиет |
Жалпы саны |
Орташа деңгей |
Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі |
|||||||||
2-3-К.1 |
2-3-К.2 |
2-3-К.3 |
2-3-К.4 |
2-3-К.5 |
2-3-К.6 |
2-3-К.7 |
2-3-К.8 |
2-3-К.9 |
|||||||
дыбыстар мен сөздерді айта алады, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады |
адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді |
берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды |
көргендерін бірнеше сөзбен әңгімелеп береді |
тыңдалым және айтылымның бастапқы дағдыларын игерген |
түсінеді және жатқа біледі |
шығармалардың мазмұнына эмоционалды көңіл-күй таныта біледі |
жақсы таныс ертегілердің үзінділерін бірнеше сөздермен әңгімелеп береді |
шығармалардың мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді |
|||||||
1. |
Ахметов Арман |
II |
III |
III |
III |
II |
II |
II |
II |
III |
22 |
2,4 |
II |
||
2. |
Омарова Сәния |
III |
II |
III |
II |
II |
II |
II |
II |
II |
20 |
2,2 |
II |
||
3. |
Асылбеков Ғалым |
III |
III |
II |
II |
II |
I |
II |
II |
III |
20 |
2,2 |
II |
||
4. |
Смаилов Әсет |
III |
II |
II |
III |
III |
II |
II |
II |
II |
21 |
2,3 |
II |
||
|
|
I - 0 II - 1 III - 3 |
I -0 II – 2 III - 2 |
I - 0 II – 2 III – 2 |
I -0 II – 2 III -2 |
I -0 II – 3 III - 1 |
I -1 II – 3 III - 0 |
I -0 II– 4 III - 0 |
I - 0 II – 4 III -0 |
I -0 II – 2 III - 2 |
|
|
|
||
I деңгей - 0 II деңгей – 4 III деңгей - 0 Жалпы топ бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі – II |
|||||||||||||||
Балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін бастапқы бақылау диагностикасының нәтижелерін бақылау парағы
Астана қаласы, №5 «Арман» балабақшасы, «Күншуақ» бірінші кіші тобы
2018-2019 оқу жылы Өткізу уақыты: қыркүйек
|
«Таным» білім беру саласы |
||||||||||||
№ |
Баланың Т.А.Ә. |
Сенсорика |
Құрастыру |
Жаратылыстану |
Жалпы саны |
Орташа деңгей |
Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі |
||||||
2-3-Т.1 |
2-3-Т.2 |
2-3-Т.3 |
2-3-Т.4 |
2-3-Т.5 |
2-3-Т.6 |
2-3-Т.7 |
2-3-Т.8 |
2-3-Т.9 |
|||||
сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады (пирамиданы жинастырады, 2 бөлікке бөлінген суреттерді құрастырады) |
қимылдардың, қолдың ұсақ моторикасы үйлесімділігінің бастапқы дағдыларын игерген |
негізгі түстерді ажыратады, үлгі бойынша таңдайды, заттардың пішіні мен шамасын сипап сезу арқылы анықтайды; |
құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік) қарапайым заттар құрастыра алады |
заттардың түсі, пішіні, көлемі туралы түсінікті игерген, оларды құқрастыру әрекетінде қолданады |
құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді және оларды қолданудың қарапайым тәсілдерін игерген |
көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша атайды және ажыратады |
жануарлардың дене бөліктерін ажыратады, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады |
табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды |
|||||
1 |
Ахметов А. |
II |
I |
III |
II |
II |
I |
II |
III |
II |
18 |
2,0 |
II |
2 |
Омарова С. |
III |
II |
II |
II |
III |
I |
II |
II |
I |
18 |
2,0 |
II |
3 |
Асылбеков Г. |
II |
III |
II |
III |
II |
II |
III |
I |
II |
20 |
2,2 |
II |
4 |
Смаилов А. |
III |
III |
III |
III |
II |
III |
II |
III |
II |
24 |
2,6 |
III |
|
|
I - 0 II - 2 III -2 |
I - 1 II – 1 III - 2 |
I - 0 II – 2 III - 2 |
I - 0 II – 2 III - 2 |
I - 0 II – 3 III - 1 |
I - 2 II – 1 III - 1 |
I - 0 II – 3 III - 1 |
I - 1 II – 1 III - 2 |
I - 1 II – 3 III -0 |
|
|
|
I деңгей - 0 II деңгей - 3 III деңгей – 1 Жалпы топ бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі - II |
|
Балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейлерін бастапқы бақылау диагностикасының нәтижелерін бақылау парағы
Астана қаласы, №5 «Арман» балабақшасы, «Күншуақ» бірінші кіші тобы
2018-2019 оқу жылы Өткізу уақыты: қыркүйек
«Шығармашылық» білім беру саласы |
||||||||||||||||||
№ |
Баланың Т.А.Ә. |
Суретсалу |
Мүсіндеу |
Аппликация |
Музыка |
Жалпы саны |
Орташа деңгей |
Біліктер мен дағдылардың даму деңгейі |
||||||||||
2-3-Ш.1 |
2-3-Ш.2 |
2-3-Ш.3 |
2-3-Ш.4 |
2-3-Ш.5 |
2-3-Ш.6 |
2-3-Ш.7 |
2-3-Ш.8 |
2-3-Ш.9 |
2-3-Ш.10 |
2-3-Ш.11 |
2-3-Ш.12 |
2-3-Ш.13 |
2-3-Ш.14 |
|||||
заттарды қол жетімді құралдармен (дақ, сызық, ырғақ)бейнелеу тәсілдері туралы түсінікті игерген |
қағаздың қасиеттері және оны қолданудың қарапайым тәсілдері туралы түсінікті игерген |
түстерді ажыратады және дұрыс атайды |
өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады |
сазбалшық, ермексаздың қасиеттері және оны қолданудың қарапайым тәсілдері туралы түсінікті игерген |
заттарды мүсіндей алады (сәбіз, қарындаш), оларды алақандарының арасында домалатады |
тәрбиешінің көрсетуі бойынша мәнерлі бейне жасау үшін алынған пішіндерді араластырады |
аппликацияның бейнелік сипаты туралы түсінікті игерген |
материалдардың қасиеттері және оларды қолданудың қарапайым тәсілдері туралы түсінікті игерген |
фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады |
дауысымен дыбыстауға еліктеудің мүмкіндіктері туралы түсінікті игерген |
жеңіл айтылатын, қайталанатын сөздерді әндете алады |
ересектің орындаған әндерін тыңдайды |
әнді ойын әрекеттерімен сүйемелдейді |
|||||
1 |
Ахметов А. |
II |
III |
II |
III |
I |
II |
III |
I |
II |
III |
I |
II |
III |
II |
30 |
2,1 |
2 |
2 |
Омарова С. |
I |
II |
II |
I |
II |
III |
I |
III |
II |
I |
II |
III |
III |
II |
27 |
1,9 |
2 |
3 |
Асылбеков Г. |
II |
I |
II |
II |
III |
I |
II |
II |
I |
II |
III |
III |
II |
III |
29 |
2 |
2 |
4 |
Смаилов А. |
III |
II
|
III |
II
|
III |
II
|
III |
III |
II
|
III |
II
|
III |
III |
III |
36 |
2,5 |
3 |
|
|
I - 1 II -2 III - 1 |
I - 1 II -2 III -1 |
I - 0 II -3 III - 1 |
I - 1 II -2 III - 1 |
I - 1 II - 1 III - 2 |
I - 1 II - 2 III - 1 |
I - 1 II -1 III - 2 |
I - 1 II - 1 III - 2 |
I - 1 II -3 III - 0 |
I - 1 II -1 III -2 |
I - 1 II - 2 III - 1 |
I - 0 II - 1 III -3 |
I -0 II – 1 III -3 |
I - 0 II - 2 III - 2 |
|
|
|
|
|
I деңгей - 0 II деңгей – 3 III деңгей - 1 Жалпы топ бойынша балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейі - II |
Ескертпе: Педагог балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты «Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімінің 19 тармағына сәйкес анықтайды.
Дигностика балалардың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалау және оларға тиісті педагогикалық көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.
Есептеу әдістемесі: Педагог балалардың жетістігін күтілетін нәтижелерге қатысты бағалайды:
1) 1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады;
2) 2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие
3) 3-деңгей – бала өзінің білетінін және жасай алатынын қолданады, білімін өз бетінше және шығармашылықпен қолдана алады.
Мысалы, «Шығармашылық» білім беру саласы. «Заттарды қол жетімді құралдармен бейнелеу тәсілдері туралы түсінікті игерген» бағанында
А. Ахметовке күтілетін нәтижелерге қатысты білім мен біліктердің 2 (екінші) деңгейі қойылады. Осылайша, оның біліктері мен дағдыларының деңгейі барлық бағандарға қойылады да, содан соң жинақталады. Алынған қосынды күтілетін нәтижелер көрсеткіштерінің санына бөлінеді де, «Жалпы саны» бағанына енгізіледі. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру саласында
А. Ахметовтің барлық 14 баған бойынша білім деңгейінің қосындысы (яғни, күтілетін нәтижелерге қатысты) 30 санын құрады (2+3+2+3+1+2+3+1+2+3+1+2+3+2). Осы санды (30) күтілетін нәтижелер санына (14) - (30:14) бөлгенде, одан орташа сан- 2,1 алынады.
Демек, А. Ахметовтің білім, біліктері мен дағдыларының деңгейі 2 деңгейге сәйкес келеді.
Егер баланың орташа деңгейі 2,5 бірлікті құраса, онда педагог оның білім, білік, дағдыларын қай деңгейге - 2 немесе 3 деңгейге жататынын өзі (баланың әлеуетті мүмкіндігіне байланысты) анықтайды.
Одан кейін топ бойынша жалпы деңгей саны есептеледі.
Бала саны – 4. Оның ішінде:
I деңгей– 0;
II деңгей- 3;
III деңгей-1.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша топта тұтастай алғанда балалардың білім, біліктері мен дағдылары 2 деңгейге сәйкес келеді.
8 қосымша
Баланың жеке даму картасы __________оқу жылы
Баланың аты-жөні __________________________________ Туған жылы :__________ Астана қ. № 5 «Арман» б/б «Жұлдыз» Бірінші кіші топ
Білім беру салалары |
Түзету іс-шаралары (бастапқы бақылаудан кейін) |
Түзету іс-шаралары (аралық бақылаудан кейін) |
Түзету іс-шаралары (қорытынды бақылаудан кейін) |
Қорытынды |
Денсаулық |
- денсаулық үшін гигиеналық шаралардың маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру; - жеке заттарын қолдану (бет орамал, майлық, сүлгі, тарақ,түбек) |
Ересектердің көмегімен мәдени-гигиеналық дағдыларды орындауды жалғастыру (жеңін түру, қолын сабындап жуу, сүлгімен құрғатып сүртуу) |
Жеке гигиена дағдыларын жетілдіру. Ересектің көмегімен белгілі бір ретпен киініп-шешіну |
Жеке гигиена дағдыларын жетілдіруді жалғастыру |
Коммуникация
|
Ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды, сөз тіркестерін айтуды (3–5 сөзбен) дамыту |
Күрделі емес сөз тіркестерін қайталауға үйрету
|
Таныс ертегілердің үзінділерін сахналауға ынталандыру |
3–5 сөзден тұратын сөз тіркестерін айтады |
Таным
|
Тәулік бөліктері туралы түсініктерін қалыптастыру |
Тәулік бөліктерін суреттен, ауызша сипаттамасы бойынша ажыратуға үйрету |
Тәулік бөліктерін ауызша сипаттамасы бойынша ажыратуға үйрету |
Тәулік бөліктерін ажырата алады |
Шығармашылық |
Бейнелеу тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру (нүкте, сызық, ырғақ) |
Әр түрлі сызықтарды салу: тік, көлденең, толқынды |
Бейнелеудің қарапайым техникасын меңгеру (саусақ іздері, резеңке түтіктер арқылы) |
Сурет салудың қарапайым техникасын жетілдіруді жалғастыру |
Ескерту: Баланың жеке даму картасы бастапқы, аралық, қорытынды диагностиканың нәтижелері бойынша Бақылау парақтарының мәліметтері негізінде толтырылады және мектепке дейінгі ұйымда сақталады. |
30
9 қосымша
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығында 2018 жылы әзірленген әдістемелік материалдар:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізуге әдістемелік ұсынымдар;
2. Балалар жарақатының алдын-алу бойынша әдістемелік ұсынымдар;
3. Түрлі жас топтарында білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдары;
4. Мектепке дейінгі ұйымдарда Перспективалық жоспар мен Циклограмманы құрастыруға әдістемелік ұсынымдар;
5. Мектепке дейінгі орта және естияр жас балаларында арналған рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бойынша театрландырылған қойылымдардың сценарийлерін әзірлеу;
6. «Отбасы kz» порталында орналастыру үшін балаларды ерте жастан дамыту мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар;
Жылдың соңына дейін төмендегі әдістемелік материалдарды әзірлеу және сайтқа орналастыру жоспарлануда:
1. Ерте жастағы балаларда әлеуметтік дағдылар мен өзбетінше үйрену дағдысын дамытатын Стандарт;
2. Ерте жастағы балаларда әлеуметтік дағдылар мен өзбетінше үйрену дағдысын дамытатын Бағдарлама;
3. Ерте жастағы балаларда әлеуметтік дағдылар мен өзбетінше үйрену дағдысын дамытатын Бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық;
4. Ерте жастағы балаларды дамыту және әлеуметтендіру мәселелері бойынша ата-аналарға арналған әдістемелік ұсынымдар