Баланы балабақшаға калай кезекке қоюға болады?
Ақмола облысы аудандары мен қалаларының мектепке дейiнгi ұйымдарында электрондық кезекте тұрған балалардың ата-аналарының назарына
2018 жылғы ақпан айынын бастап «Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды кезекке қою» жаңа мемлекеттiк стандарты (БжҒМ 2017 жылғы 17 қазандағы № 518 бұйрығы) және кезектi қалыптастыру мен оның жұмыс iстеу үдерiсiн автоматтандыру және мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жолдамалар беру бойынша әдiстемелiк ұсынымдар енгiзiлдi, осыған байланысты әрбiр ата-ана электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуы қажет.
Қазiр қызмет қалай көрсетiледi:
1. Кезек белгiлi бiр балабақшаға арналған;
2. Жеңiлдiктердiң барлық санаты бойынша кезектен тыс жолдамалар берiледi;
3. Өтiнiштегi деректер өзгерген кезде (санаттың өзгеруi) өтiнiш иесi кезектен шығып, жеңiлдiгiн көрсетiп, кезекке қайтадан тұрады;
4. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы орналастырылған жеке меншiк балабақшаларға жолдама алған кезде өтiнiш иесiнiң мемлекеттiк балабақшадағы кезегi сақталады;
5. Өтiнiш иесi өз бетiнше өтiнiшiндегi деректердi (санат, байланыс деректерi) өзгертуге, баланы кезектен алуға мүмкiндiгi жоқ;
6. Мектепке дейiнгi ұйымға жолдама алуға мүдделiлiгiн растайтын функциясы жоқ.
Қызмет қалай көрсетiлетiн болады:
«Кезекке қою және жолдамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi жаңа Стандартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.
Ақпараттық жүйе (e.akmola.kz) өтiнiш иелерiне кезекке қоюға өтiнiш беруге, берiлген өтiнiштi өзгертуге (байланыс деректерiне түзету енгiзу қосу), өтiнiштi кезектен алуға (кезектен шығу), мемлекеттiк немесе жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымға орналастыру үшiн жолдама алуға, жолдама алуға мүдделiлiктi көрсетуге мүмкiндiк бередi.
Қазiргi уақытта балабақшаға жолдама алу үшiн ата-аналардың өтiнiшiнде көрсетiлген баланың туылған жылы бойынша бiрыңғай қалалық кезек қалыптастырылады (белгiлi бiр балабақшаға арналған кезектер жоқ).
Қараша және желтоқсан айларында туылған балалар келесi жылы туылған балалармен бiрге бiр кезекке орналастырылады. Кезектегi өтiнiштер кезекке қойылған күнiнен бастап басымдылық бойынша орналасады.
Жүйедегi жеңiлдiк санаттары екiге бөлiнедi:
Кезектен тыстағылар (әскери қызметшiлердiң балалары). Осы санат бойынша өтiнiш берушiлер балабақшада бос орын болса, кезектен тыс жолдама алады.
Бiрiншi кезектегiлер (заңды өкiлдерi мүгедек адамдардың балалары, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетiм балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балалар). Жеңiлдiктердiң осы санатындағылар жолдаманы «1/3» қатынасы бойынша жолдама алады. (Жеңiлдiк санатындағы бiр өтiнiш берушi және жалпы негiздегi үш өтiнiш берушi).
Жолдама алу үшiн:
1. Кезек келген кезде аталған электронды поштаға және телефон нөмiрiне кезектiң келгенi туралы хабарлама келедi. Егер ата-ана балабақшаны таңдамаса және регламенттегi уақытқа (сағ. 9:00-20:00) сәйкес жолдама алмаса, осы орын кезекте тұрғандардың барлығына қолжетiмдi болады, тобының және жас шамасына сәйкес. (осы орайда балабақшаны таңдамаған өтiнiш берушi яғни, ата-ана жалпы кезекте қала бередi);
2. Мектепке дейiнгi ұйымға жолдама алған кезде бала кезектен автоматты түрде шығарылады (осы орайда өтiнiш берушi кезекке қоюға өтiнiш бере алады, егер ол тiзiмнен алынған және балабақшаға барып жүрген болса);
3. Егер ата-ана жолдама алған соң, 5 жұмыс күнi iшiнде балабақшаға бармаса, жолдама автоматты түрде жойылады және бала 10 жұмыс күнi мерзiмiне стоп-парақ бойынша жiберiледi. Өтiнiштiң стоп-парағында тұрған кезде жолдаманы алу мүмкiндiгi тоқтатылады.
Егер өтiнiш берушi берiлген жолдаманы қолдану уақытын 2 рет өткiзiп алса, бала кезектен автоматты түрде шығарылады;
4. Мына жағдайда мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу қолжетiмдi болады:
егер баланың жасы 3-ке толса және одан асса;
егер бала кезекте тұрса;
балабақшада бос орын болса.
Мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу кезiнде кезектiң нөмiрi маңызды болмайды. Алайда ата-аналар мемлекеттiк тапсырыс бойынша жеке меншiк балабақшаға жолдама алу кезiнде баланың автоматты түрде кезектен шығарылатынын ескеруi қажет.