Қаланың жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарына жоспарлы мониторинг жүргізілді
2025 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған қаланың жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында жоспарлы мониторинг жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты ұсынылған құжаттардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының талаптарына сәйкестігін айқындау болды (Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген).
Мониторинг жүргізу мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаланың жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.