"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2020 жылдың жария талқылау үшін есебі

23.02.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы

қызметі туралы 2020 жылдың жария талқылау үшін есебі

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес білім бөлімі және білім беру ұйымдары 24 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында – 2 («Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау», «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»)

орта білім беру ұйымдарында – («Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау», «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну», «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру», ««Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру», «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау») 

 қосымша білім беру ұйымдарында – 2 («Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»)

білім бөлімінде – 16 қызмет көрсету («Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру», «Жетім балаға  (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру», «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру», «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру», «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру», Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау», «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау», «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу», «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау», «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау», «Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау», «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау», «Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау», «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын тағайындау байқауына қатысу үшін  құжаттарды қабылдау», «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»)

Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 4918 құрады, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны:

  • қағаз түрінде – 1 238 (6 түрі)
  • «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 3 528 (6 түрі).
  • Мемлекеттік корпорация арқылы – 152 (7 түрі).

2018 жылдан «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметтері akmola.kz. ақпараттық сайты арқылы көрсетіледі.

2020 жылғы 1 қаңтардан «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін білім бөлімі көрсетеді.

Халықты ақпараттандыру мақсатында білім бөлімі сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы бұйрықтар және осы қызметтерді көрсету нұсқаулықтары орналастырылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрғысында халықты қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарында көрнекі ақпарат стендтері ілінген (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.). Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында стандарт, регламенттер, шағымдану тәртібі, байланыс ақпараттары орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді.

Медиа-жоспарға сәйкес тұрғындарды мемлекеттік қызметтерді ұсыну туралы ақпараттандыру мақсатында атқарылған жұмыстар ресми интернет-ресурстарда үздіксіз жарияланып отырады, 2020 жыл ағымында қалалық БАҚ-да мемлекеттік қызмет көрсету туралы  мақалалар жарияланды.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділігін арттыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Ай сайын Көкшетау қаласының әкімдігіне 24 мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі  мониторингі бойынша жұмыс есебі ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді бұзушылықтар болған жоқ.

Білім бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім бөлімінің фойесіндегі және халыққа қызмет көрсету орталығы стендтерінде.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.02.2021 09:45
Құрылған күні: 23.02.2021 09:45

Текст