Жыныстық қол сұғылмаушылық туралы жадынама
Құрметті ата-аналар!
Бұл жадынама сізге арналған, өйткені сіз балалар мен жасөспірімдерге зорлық – зомбылық пен жыныстық қол сұғушылықтың алдын алуға көмектесетін балаға ең жақын адамсыз. Жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады, ол үшін балаға «Жеті ереже «БОЛМАЙДЫ» үйренуге көмектесіңіз.
Баланы әрқашан «Жоқ!» деп жауап беруге үйретіңіз:
- Егер оған қонаққа бару немесе үйге жеткізіп тастау ұсынылса, тіпті көршілер болса да.
- Егер оны алып кетуге мектепке немесе балабақшаға бөтен адам келсе, ал ата-анасы оған бұл туралы алдын ала ескертпеген жағдайда.
- Егер ата-анасы болмаған кезде бейтаныс (шала таныс) адам келіп, оны пәтерге кіргізуді сұраса.
- Егер бейтаныс адам сенімен танысу және уақытты өткізу үшін бір нәрсені ұсынса.
Бала бірнеше фразаларды жаттап алсын:
1. Рахмет, бірақ ата-анам маған бейтаныс адамдарға баруға тыйым салады.
2. Кешіріңіз, бірақ мен ешқайда бармаймын.
3. Аулақ жүрші менен, әйтпесе мен айқайлаймын.
Әр түрлі жағдайларды ойнау арқылы балаңызды жаттықтырыңыз.
§ Балаңызға келесі тәртіпті ережелерді үйретіңіз:
1. Кіреберіске кірер алдында біреудің сіздің артыңыздан келе жатқанына назар аударыңыз. Артыңыздан біреудің келе жатқанын байқасаңыз, кіре беріске жақындамай, сыртта серуендеңіз. Егер бейтаныс адам әлі де сіздің артыңызда жүрсе, ата-анаңызға қоңырау шалыңыз немесе ол туралы кез келген ересек адамға айтыңыз.
2. Подъезге кірген кезде есікті дереу жабуды ұмытпаңыз (егер есіктерде код құлпы болса).
Көмек алу үшін кімге, қайда жүгіну керек:
"102" нөміріне қоңырау шалып, хабарлау керек.
Өзіңіз не істей аласыз:
- Кішкентай баланы сыртта қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіздің балаларыңыз мектеп жасында болса, олар әрқашан қайда және кіммен уақыт өткізетінін айтсын. Балаңызға қауіпті жерлерде жүруге, қаңғыбастыққа, сабақты босатуға бейім балалармен дос болуға тыйым салыңыз.
- Подъездің жанында, мектеп ауласында, балабақша қоршауының жанында мақсатсыз серуендеп жүрген жалғызбасты ер адамдарға мұқият болыңыз. Бұл туралы полицияға хабарлаңыз.
- Қаскүнем көліктің ішінде болуы мүмкін, ол көлікті мектептің жанына қойып, балаларды бақылайды. Егер сіз күдікті көлікті байқасаңыз, нөмірін, оның түсін, маркасын есте сақтаңыз, жүргізушінің немесе жолаушының сыртқы түрін есте сақтаңыз. Бұл туралы мектеп директорына, күзетшіге хабарлаңыз.
- Егер баланы кездестіруге мүмкіндік болмаса,оны сыныптастарымен бірге сабақтан оралуды ұсыныңыз.
- Балаңызбен жылы, сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. Көбінесе үйде сүйіспеншілік пен түсіністік жетіспейтін балалар қиыншылыққа тап болады.