"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Туған жер» жобасын іске асыру бойынша №15 жалпы білім беретін негізгі мектебінің ақпараты

21.08.2017

 «Туған жер» жобасын іске асыру бойынша

№15 жалпы білім беретін негізгі мектебінің ақпараты

"Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер", деді Президент.  Сондай-ақ елбасы бағдарламаның неге «Туған жер» деп аталатынына тоқталды.  "Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті", деп жазды Елбасы.  Елбасының айтуынша, бағдарламаның бірнеше мәні бар. Оның біріншісі білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

"Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс", деді ол.  Екінші мәні - басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау. Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс. Елбасы бұл жұмысты халыққа дұрыс түсіндіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керектігін айтқан болатын. Осы бағдарлама бойынша Көкшетау қаласының №15  жалпы білім беретін негізгі мектебінің оқушылары  «Туған жер» бағдарламасы аясында  ауыл өмірімен  танысу, мемлекеттік тілді тереңдету мақсатында Бурабай ауданы, Абылай хан ауылына барып келді.

Оқушыларды Абылай хан орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Аухаева Алма Топольқызы қарсы алды. «Туған жер» бағдарламасының салтанатты ашылуы өтті. Мектеп психологі оқушылармен тренинг өткізді. Абылай хан ауылының тарихы жөнінде «дөңгелек үстел» өткізіліп, ауыл тұрғындары мен  мектептің тарих мұғалімі Махамбетов Ғабит Абильжанұлы мен кітапханашы Молдахметова Әсия Молдашқызымен әңгімелесті. Қазіргі таңда Қызылағаш ауылы деп аталатыны туралы, атауының өзгеруінің себебі  мен тарихын айтты. Бейне таспа көмегімен ауыл тарихы бұрында қандай болғаны жайы туралы көрсетіп айтты, себебін түсіндірді. Ауылды «Қызылағаш» деп қою себебі қайың ағаштарының ауылды қоршап жайқалып  өсіп тұрған себеппен қойған екен. Қайың қалың орман ішінде дала жануарларынан суыр, түлкі, елік,қоян, қасқы,қарсақ мекендейді, тіпті бұрында қоңыр аюға дейін болған екен. Оқушылар қызыға сұрақтар қойып, тамсана тыңдады. «Дөңгелек үстелден» кейін мектепішілік мұражаймен оқышыларды таныстырды.

Түскі астан кейін ауыл маңындағы тарихи жерлеріне «Үй тас», «Машина тас», «Дала бұлағына» апарып, сол тастардың шығу тарихын айтып берді. Тау басына шығып көз тастасан ауылдың табиғатына көз тояр емес. Ауыл тарихына сусының қаңбай, тыңдай бергін келеді. Бұл оқушылардың алғашқы саяхаттары болғандықтан ба екен білмедім, балалардың таңырқаған күйлерін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Абылай хан ауылының жеке кәсіпкер Макенов Ерлан Баянұлының малшаруашылықтарымен таныстырып, қымыздан дәм татырды. Кешкі ас мәзірінен кейін дене шынықтыру мұғалімінің ұйымдастыруымен ауыл балаларымен бірге спорттық ойындар өткізілді.Екінші күні оқушыларды  «Үрпек», «Бүркітті» тауларына, «Апақай» қыраты, «Әзібай» бұлағына апарып мәлімет берді. Оқушылар ағып жатқан бұлақтан су алып, сусындарын қандырды. Түскі астан кейін ауылдан 10 км жердегі Қалмақ обасының басына апарып, оқушыларға Қалмақ қызының жерленгені туралы айтып берді. Кешкі астан кейін жеке кәсіпкер Төлегенов Жамбыл Шаймұратұлының  шаруашылығына барып, қымыздың дайындалу жолдарымен таныстырды. Қазақтың қонақжайлығымен үйіне қонақ қылды. Үшінші күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өтті. Түскі астан кейін оқушылар өздерінің үш күндік саяхатта алған, білген, көрген әсерлерімен бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізіп, алғыстарын білдірді.

Просмотров: 345

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст