Көкшетау қ. «№4 орта мектебі» КММ «Туған жер»
бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат
Ел іші – алтын бесік
Родная земля – золотая колыбель. Казахская народная поговорка
Өзіңнің ғажайып Отаныңды
ұмытпа, өз туған жеріңе ешқашан соқпай өтпе
Свою Родину прекрасную никогда не забывай, места, где ты
родился, никогда не обходи. Казахская народная поговорка
Туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Дулығалы ата бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап мақтан еткен, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Әр адам туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейді.
Жер шарында әдемі орындар, тау, жазықтар, өзен-көлдер көптеп саналады.
Алайда Сарыарқа табиғатының көркіне, айнадай жарқыраған айдын Балқаш көлінің бұйра толқындарына, Жетісудың ағынды өзендеріне, Жоңғар Алатауының саф ауасына, кешегі көшпенді қазақ ерліктің, елдіктің туын тіккен, тасына ғасырлар тарихы тұнған, бірлік пен бәтуаның мерейлі мекені болып табылатын Ұлытау өлкесіне, еліміздің інжу қазынасы«Үш апалы-сіңлілі жартасы», әйгілі «биші қайыңдар» алқабына, көрікті, кербез Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралыға тең келер жер болмас.
Қазақ халқының басты ерекшелігі Отанға, туған жерге, ата-бабаларымыздың рухына айырықша ізеттілік көрсету, рухани және материалдық мәдениетті ерекше ықыласпен сақтау болып табылады.
Адам дүниеге келген, алғаш рет бесік жырын естіген, балалық шағы өткен, отбасы, туыстары тұратын туған өлке, дала, тауларын жырлап мадақтайтын әндер мен өлеңдер көптеп саналады.
Көшпелілер өз тарихи тамырын жадында сақтап, игі істерімен туған жерінің даңқын асырған, өз тегі мен отанының атына кір келтірмеген.
Отанға деген сүйіспеншілік, өткенді қадірлеу, ата-бабаларымызға, көшпенділердің басын қосқан тарихи тұлғаларға, кең жазира даласын ерлікпен қорғап қалған батырларға құрмет, өскелең ұрпақтың борышы, туған өлкеге адалдығы мен шын берілгендігі туралы тақырып көшпелі қоғамның кейінгі буын мәдениетінде кеңінен көрініс тапқан.
Ұлы даланың өткенін көтерілуі және құлдырауымен көшпенділік заманның алтын ғасыры деп қарастыруға болады деген ойдамыз.
Адам санасына ұялап қалған ежелгі ата-тегіміз, бабаларымыздың елдік кескіні, ерлік дәстүрі жадында жаңғырып, жүректі жандырып, өткенмен рухани байланысы тамыры тереңде жатқан тарихқа қайта алып келеді.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұсынған «Туған жер» бағдарламасы аясында 2017 жылғы 16 – 29 шілде аралығында «№ 4 ОМ» КММ «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және оның ерекшеліктері» туристік - тарихи автоэкскурсия жүзеге асырылды, сонымен қатар белгіленген жоспарлар мен бағыттарға сәйкес бірқатар спорттық - туристік асулар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары біздің педагогтар болды: денешынықтыру және спорт мұғалімі С.В. Иванов, тарих пәнінің мұғалімі А.Х. Анешев, география пәнінің мұғалімі М.В. Тарасевич.
Автоэкспедицияға мектептің бірсыпыра орта және жоғары буын оқушылары қатысты.
Тарихи білімді, мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін зерттеу, мәдени объектілерді қалпына келтіру мүмкіндігін, жалпы мәдени білім деңгейін нығайту, ел экономикасындағы туристік кластерді зерттеу және насихаттау, маңызды тарихи-географиялық, туристік бағыттарды насихаттау мақсатында әр түрлі туризм түрлерін өрістету үшін ресурстары мен мүмкіндіктері бар аймақтар белгіленді.
Көрнекті ғалым – энциклопедияшы, қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолы мен ғылыми мұрасын зерделеу өз алдына жеке зерттеу тақырыбы болды.
№4 ОМ қазақ халқының даңқты ұлының аты берілген көшеде орналасқан.
Біздің бағытымыз Орталық Қазақстанның далалары мен таулары (Аргынаты-Ұлытау таулары), ШҚО өзен өткелдері, Жоңғар Алатауының тау шатқалдары, Балқаш, Жетісу, Алтынемел қорығы арқылы, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарымен өтті.
Зерттеу жұмысы және туризмнің дамуы үшін осы облыстар бірегей тарихи ескерткіштер жиынтығы, көрікті жерлері және табиғатының алуан түрлілігімен дараланатынын атап өту қажет.
Қазақстан территориясы бойынша біздің бағытымызды сипаттайтын тарихи – туристік ресурстар қатарына Алаша ханның, Жошы хан мен оның әйелі Бектумыштың, Домбаулдың кесенелері, беклербектердің, Алтын орда әмірі Едіге бидің, Көк Орда, Алтын Орда ханы Тоқтамыстың, Темір Құтлық ханның, Болған ананың жерлеу орындары, Теректі әулие, Төртқара, Басқамыр, Аяққамыр қалаларының орны, тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіштері Тамды, Заңғыртас, Ұлытау тауының етегіндегі емдік су көздері, Қозы Көрпеш- Баян сұлу мазары, Серкесай (Черкесай) шатқалы, Текеліден жақын жерде Қапшағай су қоймасы, Алтынемел қорығы, Балқаш көлі, Бесшатыр мен Есіктің ұлы сақ қорғандары жатады. Автоэкспедиция кезінде оқушылар және ұстаздар ұжымы Ұлытау, Жезді, Баянауылда, Долинка кенті, Шоқан ауылындағы бес бірегей тарихи-өлкетану мұражайында болып қайтты.
Қ. И. Сәтбаев қызмет атқарған жерінде Көкшетау қаласынан келген қонақтарды балаларды мұражай ұжымы қуанышпен қарсы алып, мазмұнды дәріс өткізіп, өз қорының бірегей ғылыми әдебиетін сыйға тартты.
Қарт металлургтердің шеберлігі күні бүгінге дейін бірқалыпты жалғасуда.
Орталық Қазақстанның қазіргі заманғы түсті металлургия алыптары ежелгі металлургия орталықтарына негізделген.
Қазақстан мыс өнеркәсібінің тұңғышы Қарсақпай көне үйінділер мен шахталар орталығында ашылды.
2000 жылдары ҚР Президенті Н.Ә.А Назарбаев мұражайға бір келуінде қайта жаңғыртылған ежелгі пештер мен даланың байырғы тұрғындарының тері ауа айдайтын құрылғыны пайдалана отырып, өз қолымен тау жыныстары мыс қорытуды жүзеге асырғаны туралы мекеменің фото құжаттарында сақталған.
Оқушылар Қ. И. Сәтпаевтың зерттеген және кеңінен пайдаланған жыныстардың бай коллекциясы және өлкенің пайдалы қазбаларымен танысты.
Сарыарқа- Қазақстанның інжу-маржаны болып табылады. Мұражайда Орталық Қазақстанның өте бай минералды топтамасы жиналған.
Балалар мұражайда ғалымдардың зерттеулері бойынша Еуразияның алғашқы ұлы сауда жолы «Жібек жолы» емес, «Мыс» жолы екенін және оның кіндігі Орталық Қазақстанда болғаны туралы жаңа мәліметтер алды.
2001 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне «Зеренді» (Ақмола облысы) ҚР Ұлттық паркі мұражайға өлкеміздің 10 қарағай ағашын сыйға тартқан дерегі оқушылар мен ұстаздарды қатты толқытты.
Автоэкспедиция барысында 5450 километр жүріп өткен №4 ОМ оқушылары мен мұғалімдері тарих, география, қазақ әдебиетінде айшықты із қалдырған қазақ халқының көрнекті өкілдерінің, халық зиялыларының рухына тағзым етіп, олардың шығармашылық мұрасы және өмір жолдарындағы бейтаныс беттерін зерттеді.
Оқушылар Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтпаев, Григорий Потанин, Мұса Шорманов, ақы Шөже, ақсүйек-төрелердің және т.б. кіші отанында болды.
Денешынықтыру мұғалімі С.В. Иванов және ұстаздардың басшылығымен теңіз деңгейінен 1030 метр биіктіктегі «Едіге тауының» басына шығу экспедицияға қатысушылардың ерекше есінде қалды.
Таудың ұшар басында олар жергілікті тұрғындардың Алтын Орданың бегі, билеп-төстеуші әмірі Едіге бидің өмірі мен өлімі, оның Көк Орда мен Алтын Орда ханы Тоқтамыспен текетіресі туралы қызықты әңгімелерді тыңдады.
Көнеден келе жатқан аңыз бойынша қазақтардың ата-бабалары екеуі де қайтыс болғаннан кейін, белгілі бір киелі сипатта, «Сендер осы жалған дүниеде бір - біріңе жау болдыңдар, енді о дүниеде мәңгіге тынышталыңдар» деп Ұлытаудың ең жоғары шыңына жерлеген екен.
Ақсақалдар көршілес орналасқан қабірлердің табылуын осылайша түсіндіреді.
Көшпенділердің осы ортағасырлық тарихи тұлғаларға деген құрмет дәрежесі, салт-дәстүрін қадірлеуі кім-кімді болса да таң қалдырады.
Сарыкеңгір және Қаракеңгір өзендері аймағында біз тағы бір маңызды деректің куәсі болдық, Ұлытау жері көптеген көшпелі мемлекеттік құрылымдардың орталығы және негіз болып табылады.
Бұған көшпенділердің өткен «алтын ғасырдың» қазақтардың аңыз түпкі тегі Алаша ханның, Алтын Орданың негізін қалаушы, «Бар жаһанды дірілдеткен Шыңғыс ханның» үлкен ұлы Жошы ханның, билер, жыршылар, батырлардың кесенелерінің болуы дәлел.
Оқушылар жергілікті тарих білгірлерімен алтын орда кезеңінің «Ақсақ Құлан», «Ер Едіге» күйлерінің шығу тарихы және халық ауыз әдебиетінің басқа да көптеген шығармалары тақырыптарында әңгіме, пікірталастарға белсенді түрде қатысты.
Көнекөз қариялардың айтуынша аңыз бойынша сақ-массагеттердің атақты патшайымы Тұмар мыспен қапталған сауыт киген, қола қарумен жарақталған жауынгерлерімен парсыларға қарсы соғысқа дәл осы жерден аттанған.
Патшайым әскерлерінің жолы Ұлытаудан Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендері бойымен Сарысудан Сырдарияға дейін созылған.
Этнографиялық далалық экспедицияның ақпарат жинау барысында оқушылардың байқағаны байырғы халықтың бағыттары көшпенді өмір салтына көшу кезеңінен бастап қазақтардың толық отырықшылыққа ауысуына дейін өзгермеген.
Алдымызда алақандағыдай құлпытастар, қалалар, қоныстар мен тұрақтар қалдықтарымен ғасырлық дала жайылып жатыр.
Дәл осы жерде атақты Асан Қайғы бір-бірімен жауласып жүрген рулық қауымдар, хандар мен сұлтандарды татуластыруға тырысты.
Ұлытауда шипалы бұлақтың жанында оған құрмет белгісі ретінде ескерткіш орнатылған.
Одан әрі біз еліміздің шығыс жағына ауыстық.
Бұнда біз күтпеген жерден Сарыарқаның ең көрікті жерлерінің бірі Баянауылда археологтардың қазба жұмыстарының куәсі болдық.
Олар бірнеше жылдан бері қалайы және мыс өндіріп, бірегей пештерде күйдіру арқылы қола дайындаумен айналысқан аймақтың байырғы тұрғындары - көне андроновтықтардың тұрғын үйді және мазар құрылыстарының қазба жұмыстарын жүргізуде.
Осы қолөнердің жалғастырушысы, осы жердің тумасы, ғалым - энциклопедияшы, геолог, ағартушы, Кеңестік Шығыстың тұңғыш академигі, пайдалы қазбаларды тауып зерттеген, түсті металлургияның бастауында тұрған, барлық күш-жігерін ғылымға арнаған қазақ халқының даңқты ұлы Қ.И. Сатпаев туралы ерекше атап айту қажет.
Біз оның Баянауылдың тумасы, қола дәуірін зерттеуші, белгілі ғалым А. Х. Марғұланмен достығы туралы бірқатар мәліметтер алдық.
Қаныш Сәтбаев «көне заманда ең қарапайым есептеулер бойынша Жезқазған кен байыту орындарында кемінде 1 млн. тонна бай мыс кендерін өндірілгенін» дәлелдеді. Экспедиция көрнекті ғалымның туған жерін, оқу және қарқынды ғылыми және өнеркәсіптік қызметі, оның шығу тегі мен туыстық байланысы жөніндегі деректерді жинап біріктірді.
ШҚО арқылы сапар барысында оқушылар «Баян сұлу - Қозы Көрпеш» лирикалық эпосының негізі болған Қозы мен Баян сұлудың қайғылы махаббаты туралы ұстаздарының әңгімелерін тыңдады.
Түркі тайпаларының кесенелеріне барып,олардың тарихынан көптеген мәліметтер алды.
Неғұрлым шынайы деректер мен суреттер қазақ халқының тағы бір көрнекті ұлы, ғалым, этнограф, орыс императоры армиясының офицері, біздің жерлесіміз Шоқан Уалихановпен жасалғаны таңқаларлық жағдай болды.
Бұл факт Алматы облысы Шанханай ауылдық округінде Шоқан ауылындағы ағартушының қабіріне, көрнекті ғалымның мұражайына барып-шығуда айғақталды.
Оқушылар мен мұғалімдер еліміздің ең бір әдемі және экологиялық таза орындары Жоңғар Алатауы тау бөктерінен Серкесай (Черкесай) шатқалына тік түсу және көтерілумен ұзындығы бойынша сарқырамасы бар құздарға ұзақ асуды жүзеге асырды.
Біздің жолымыз толқыны қатты тау өзені, қалың бұталар мен ағаш егістері арқылы өтіп отырды.
Осындай жағдайларда күш, іскерлік және жолдастық өзара көмек керек болды.
Оқушылар туристік - спорттық, мәдени - білім беру экспедицияларға қатысу, тарихи, географиялық білімдерін, спорттық дағдыларды насихаттау және нығайту, туризмнің негізін меңгеруге мүмкіндік жасағаны үшін мектепке ризашылықтарын білдірді.
Қазақстан - бай, даңқты тарихи өткені, өзіндік қайталанбас мәдениеті, салт-дәстүрі, экономикалық және саяси әлеуеті зор, болашағы күшті, дамушы мемлекет.
Ұстаздар тарихи орындарға кіріп-шыққанда және аялдау кездерінде балаларға XXI ғасыр алдағы уақытта жас мемлекеттің тірегі болатын жаңа буын ғасыры екендігіне ерекше мән беріп айтып отырды.
Балалар оқуға көп көңіл бөлулері, барынша мол білім алуға, атақты адамдар болып шығуға тырысулары қажет және Қазақстанның игілігіне еңбек ету керек, жаңа мыңжылдықтағы мемлекетке білікті, белсенді адамдар қажет екендігін олар жауапкершілікпен сезінулері тиіс.
Сондықтан мемлекеттің кемел болашағы қашан да өскелең ұрпаққа байланысты болады.