2017 жылғы 21- 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан Жаңа жылдық шыршаға Көкшетау қаласының 9 – 13 жас аралығындағы 14 бала: аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оқу озаттары қатысты.
Балаларға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі 21 желтоқсанда басталды, оларға Аяз атаның "Лапландия" резиденциясына экскурсия және "Алмаз" сауықтыру кешенінде мәдени-тынығу бағдарламасы ұйымдастырылды.
2017 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11.00-де «Rixos Borovoe» қонақ үй кешенінде балаларға арналған «Астана-менің мақтанышым!» атты жаңа жылдық шырша мерекесі болып өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың балаларды бейнеқұттықтауы көрсетілді, сондай-ақ қатысушыларды Ақмола облысының әкімі М. Мырзалин құттықтады.
Ертегілік жаңа жылдық шырша жайылған тәтті дастархан және естелік сыйлықтарды табыстаумен аяқталды.