Ведомствоаралық сараптама тобының жұмыс жоспарына сәйкес қазан айынан желтоқсан айына дейін №2 ОМ,№3 МГ,№4 ОМ,№5 КГ және №8 ОМ тамақтану сапасын бақылау бойынша мониторинг жүргізілді.
Мониторинг нәтижелері бойынша мектептегі тамақтануды тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей ұсынымдар берілді:
тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бойынша мектеп Комиссиясының жұмыс қорытындысын ақпарат түрінде ресімдеу, педагогикалық кеңесте қарастыру және мектеп сайтына орналастыру;
№2 ОМЛ: бракераждық комиссия мезгіл-мезгіл тамақтану сапасын бағалауды өткізу;
№3 МГ: мектеп директоры күн сайын бір күндік ас мәзірін бекіту, пісірілетін нан-тоқаш өнімдеріне баға белгілерін ресімдеу;
№4 ОМ: пісірілетін нан-тоқаш өнімдеріне баға белгілерін ресімдеу;
№5 КГ: шағымдар мен ұсыныстар кітабын жүргізу, заманауи дизайн талаптарын ескере отырып, денсаулық бұрышын жасау;
№8 ОМ: сынық ыдыстарды ауыстыру.