"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарында ыстық тамақ беруді ұйымдастыру

15.03.2019

           2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Көкшетау қаласында 25 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 22 қалалық және 3 ауылдық мектеп жұмыс істейді. 25 жалпы білім беретін мектептің 23-і орта және 2 негізгі мектеп. Оқушылар контингенті 24 850, оның ішінде ауылдық мектептерде 2 192 оқушыны құрайды.

          25 білім беру ұйымдарында 2 715 отыратын орны бар асханалар (100%)  жұмыс жасайды. 22 мектепте типтік мектеп асханалары болса, 3 мектепте бейімделген асханалар.

          Мектеп асханаларында ыстық тамақпен қамту 100% құрайды. Тегін ыстық тамақпен барлығы 5 835 оқушы қамтылған (оқушылардың жалпы санынан 24%), оның ішінде жалпыға міндетті оқу қорынан 2 570 оқушы аз қамтамасыз етілген отбасыларынан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 сыныптың 3 265 оқушысы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.

        «Мектептердің асханаларын жаңарту және пайдалануға беру» партия жобасының аясында 2018 жылғы тамыз айында 17 мектептің асханалары сенімгерлік басқаруға берілді: №1 ОМГ, №2 ОМЛ, М.Ғабдуллин атындағы №3 МГ, №4 ОМ, №5 «Таңдау» КГ, №6 ОМЛ, №11 ОМГ, №12 ОМ; №13 «Экос» ЭМГ, №16 ОМ, №17 ОМГ, С.Жүнісов атындағы №18 ОМЛ, №19 ОМ, №21 ОМЛ, №22 ЖББНМ, №1 КОМ, №3 ККОМГ.

       Жеке серіктестермен келісім-шарт негізінде келісілген жаңғырту кестесіне  сәйкес мектеп асханаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу, технологиялық жабдықтар (қуыру шкафтары, конвекциялық пештер, толықсыту (қамыр ашыту) шкафтары, тоңазыту үстелдері және тағы басқалары) сатып алу жоспарланып отыр. Жаңғырту мерзімі 2 айдан 1 жылға дейін.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.03.2019 15:54
Құрылған күні: 15.03.2019 15:54

Текст