"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «Мнемотехника технологиясын пайдалану арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында онлайн семинары өтті.

03.03.2021

2021 жылы 3 наурыз күні қалалық қазақ тілі қоғамдастығының жоспары бойынша  Ю.А.Гагарин балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «Мнемотехника технологиясын пайдалану арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында онлайн  семинары өтті. Семинарда «Жұлдыз», «Алтын бала», «Қарлығаш», Ю.А.Гагарин атындағы балабақшалардың педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі әдіскерлері, қазақ тілі мамандарының қалалық қоғамдастығының жетекшісі және мектепке дейінгі ұйымдардың мұғалімдері қатысты.

Қазақ тілі мұғалімдері семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, педагогтардың кәсіби шеберлігін дамытуда қолданған әдіс-тәсілдерін атап өтті.        

Келешекте ұсынылған мнемотехника әдісін балалабақшадағы балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытуда қазақ тілі мұғалімдері мамандарының жұмысына қолдануға кеңес берілді.

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст