Мектеп бағдарламаларын меңгеру балалардан жоғары ақыл-ой белсенділігін талап етеді. Білімге баулитын кішкентай адам тек ауыр еңбекті орындайды,сонымен бірге өседі, дамиды, ал ол үшін бала толыққанды тамақтануға тиіс. Қазіргі мектеп оқушысы күніне төрт реттен кем емес тамақ ішуі тиіс, және де таңғы асқа, түскі асқа және кешкі асқа міндетті түрде ыстық тағам болуы керек.
Кальций мен ақуыз көздері - сүт, сүзбе, ірімшік және қышқыл сүт өнімдері өсіп келе жатқан организм үшін міндетті болып табылады. Кальций мен фосфордың жетіспеушілігін балық тағамдары толтыруға көмектеседі. Гарнир ретінде картоп немесе макарондардың орнына бұқтырылған немесе пісірілген көкөністер (қырыққабат, қызылша, пияз, сәбіз, бұршақ, сарымсақ және қырыққабат) қолданған дұрыс. Бір күнде оқушылар газдалған судан басқа кем дегенде екі литр сұйықтық ішуі тиіс. Оқушылардың тамақтануы теңдестірілген болуы керек. Оқушының ас мәзіріне тек ақуыздар, майлар мен көмірсулар ғана емес, сондай-ақ маңызды амин қышқылдары, дәрумендер, кейбір майлы қышқылдары, минералдар мен микроэлементтер кіретін өнімдер міндетті түрде болуы керек. Бұл компоненттер ағзада өздігінен синтезделмейді, бірақ балалар ағзасының толыққанды дамуы үшін қажет.
Бір кездері ежелгі грек философы Сократ адамзатқа «Тамақтану, өмір сүру үшін, тамақтану үшін өмір сүру емес» деген кеңес берді.
Өйткені тамақ-рахаттану: жақсы тамақтан кейін ми тыныштық сезімін тудыратын және көңіл-күйді арттыратын ерекше заттар- эндорфиндерді шығарады. Эндорфиндермен тым әуестеніп, денсаулыққа зиян келтірмеу үшін, тамақтану режимін сақтау керек. Тамақтану режимін ересектер де, балалар да ұстануы тиіс. Әсіресе бұл өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте маңызды.
Әрбір бала ыстық тамақ қабылдау керек. Ақылға қонымды режим дұрыс, іркіліссіз және артық жүктемелерсіз, асқазан-ішек жолдарының жұмысын, тамақтың жақсы сіңірілуін және зат алмасудың қалыпты ағынын, нәтижесінде жақсы көңіл-күйді қамтамасыз етеді.
Өсіп келе жатқан жас ағзаға тәулігіне төрт рет тамақтану қажет.
«Мектептегі тамақтану –өскелең ұрпақтың денсаулығының кепілі».
Оқушының мектепте болу кезінде ыстық тамақ ішуі – оның денсаулығын және тиімді білім алуының маңызды бір шарты. Мектепте тамақтануды жақсы ұйымдастыру – халықтың денсаулық деңгейінің көрсеткіштерін жақсартуға, бірінші кезекте уақытының көбін мектепте өткізетін оқушы денсаулығын жақсартудың кепілі. Сондықтан тамақтану өскелең ұрпақтың денсаулығын қалыптастыратын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Толыққанды және теңгерімді тамақтану аурулардың алдын алуға, оқуға деген ынтасымен қатар оқу қабілетін, үлгерімін көтеріп, балалар мен жасөспірімдердің дене және ақыл-ойының дамуына ықпал етеді, олардың қазіргі өмірге бейімделуіне жағдай жасайды. Білім алушылардың тиімді тамақтануы-жалпы білім беретін мекемеде денсаулық сақтау ортасын құру, білім беру жүйесінің жұмыс істеуінің теріс әсерлері мен салдарларын төмендету шарттарының біріне саналады.
Баланың жас кезіндегі жеткіліксіз тамақтануы оның дене бітімі дамуын тежеп, ауруына, заталмасу жүйесіне әсер етіп, ағзасы мен дене бітімінде өзгерістерге әкеліп соғуы ықтимал.
«Білім туралы» Заңда білім беру мекемесінің білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру, балалардың тамақтануына арналған үй-жай бөлу, ұзақтығы жеткілікті үзіліс қарастыру міндеті сақталған. Мектеп дұрыс тамақтану процесіне әсер ететін және оқушылардың осы мәселедегі дұрыс дағдылары мен стереотиптерін қалыптастыруға болатын өмірлік маңызды орта болып табылады.
Денсаулықты сақтау және денісау тамақтану жұмысын жүргізу үшін мектепте ұтымды мүмкіндіктер бар. Нақ осы мектеп жасында баланың негізгі дамуы қалыптасып, тамақтануды қоса айтқанда өмір сүру қалпы қалыптасады. Мектептегі ұйымдасқан түрде тамақтану санитарлық ережелер және нормалармен реттеледі және тағам құрамы мен тиімділік ұстанымдарына сәйкес келеді. Салауатты өмір салты дұрыс тамақтану құрамының бір бөлігі екенін көптеген оқушылар біле бермейді.
Оқушылардың тамақтануының негізгі мәселесі мектептен тыс кездерде кесел келтіретін чипсы, фаст – фудтар, қытырлауықтар, кәмпит, шоколад, батончиктарды және т.б. жеп, тамақ қабылдау кестесін бұзумен байланысты.
Әдетте бұл ата-аналардың салғырттығымен және/немесе оқушылардың жеткіліксіз ақпараттандырылуымен байланысты.
Адам ағзасының белсенді өміршеңдік кезеңін ұзартудың негізгі факторы, салауатты өмір салтының басты бір құрамы – денісау (тиімді) тамақтану болып табылады.
Қазіргі уақытта адамдардың,бірінші кезекте халықтың әлеуметтік белсенді топтарының өз денсаулығына деген көзқарасы айтарлықтай өзгеруде: денсаулықтың ештеңе тұрмайтындығы туралы, оған жұмсалатын шығындар ешқандай да қайтарымын бермейді және оларға елемеуге болады деген ескі түсініктер жойылуда.
Тек ғана денсаулық – адамның негізгі құндылығы,себебі оның жұмысқа деген қабілеті бүгінгі қоғам өміріндегі орнын, сондай – ақ, өмір сүру деңгейі мен ауқаттылығын барған сайын айқындайды.
Қазіргі адамның тамақтануы көптеген асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің, жүрек-қантамыр жүйесінің және онкологиялық процестердің даму қаупінің негізгі факторына айналуда.
Адам ағзасында қоректену сипатына оның қалыпты жұмыс істеуі мен жұмысқа қабілеттілігі тәуелді болмайтын орган немесе жүйе жоқ.
Дұрыс тамақтануды насихаттау тек қана ата-аналардың қаражатын тамақтануына тарту үшін ғана емес, сонымен қатар балалық шағында алған тамақтану әдеті адам қартайған кезінде де сақталады. Бұл әдеттер отбасында және ұйымдастырылған балалар тағамы жүйесінде қалыптасады. Отбасылық тәртіпке тікелей әсер ету мүмкін емес, сондықтан мектеп асханасы-өсу үстіндегі адам дұрыс тамақтануға үйренетін басты орын.
Мектеп оқушыларын толыққанды ыстық тамақпен қамтамасыз ету халықтың денсаулығын сақтауға тікелей байланысты. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша «Денсаулық – ауру мен дене бітімі кемшілігінің болмауы ғана емес, ол дені, діні, ділі және әлеуметтік тазалығы, байлығы, тоқтығы баршылық пен молшылықтың кепілі».
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер аясында халықтың осал топтарының бірі балалар, әсіресе мектеп жасындағы балалар болып отыр.
Мектепте оқыту балалардың тамақтануына көп қиындық туғызады. Әдетте таңертең олар аз және тамақ ішуге құлықсыз, баланы ең болмағанда бір стакан сүт ішуге әзер көндіреміз. Кей кездері бала асықпай, тыныш тамақ ішу үшін қатты тырысу қажет болып жатады. Мектептен кейін шаршағандықтан тәбеті жоқ балаға түскі асқа дейін демалыс қажет.
Тамақтану арасында ұзақ үзілістеріне жол берілмеуі тиіс. Мысалы, егер оқушының түскі ас пен кешкі ас арасындағы үзіліс 6-7 сағат болса, онда бірнеше аптадан кейін оның бас айналуы басталады, солғындық, әлсіздік пайда болады, оған оқу қиынға түседі. Бұдан басқа, ұзақ үзілістен кейін қатты ашыққан бала тамаққа бас салып, тез ішуге тырысады. Көп мөлшерде жұтылған тамақ, нашар қорытылады және оның пайдасы да болмайды. Іштің бүріп ауыруы, жүрек айнуы және тіпті құсу және кейіннен ас қорыту жүйесінің ауруларының пайда болуы мүмкін.
Алайда, егер отбасында баланың тамақтануына көңіл бөлмесе, тіпті мектепте жақсы ұйымдастырылған тамақ жақсы нәтиже бермейтінін есте сақтаған жөн.