30.11.2020
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасының жаңа кезеңіне жол ашатын және мемлекет болып қалыптасудың тұғыры, әлеуеті зор қуатты елдің мерекесі.
Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі мен көреген саясатының арқасында ғасырда жасалар істер қысқа мерзімде жүзеге асты.Аз ғана уақыттың ішінде сәні мен салтанаты жарасқан Астана тұрғызылып, шаһарымыз әлемдік маңызы бар келіссөздер жүргізетін алаңға айналды.
Бүгiнгi жетiстiктердi сақтау мен жетiлдiру, өскелең ұрпақтың келешегiн қамтамасыз ету және Елбасы белгiлеп берген стратегиялық мiндеттердi табысты жүзеге асыруды басты мақсатымыз деп білеміз.
Баршаңызға зор денсаулық, жаңа бастамаларда тек қана сәттілік, отбасыларыңызға амандық, бақыт тілеймін!
Еліміздің болашағы - баянды, келешегі – кемел, бірлігіміз - берекелі, татулығымыз - берік болсын!
«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Д.Башарова