2018 жылғы 23 – 25 ақпан аралығында Мәскеу қаласында екі бағытта – «Ресей-Казахстан: шекарасыз ғылым» (қатысушылар-оқушылар, студенттер, жас ғалымдар) және «Жаңа технологиялар мен педагогикалық практика» - білім беру қызметкерлері үшін-ІІІ ашық Халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті.
Конференцияның негізгі ұйымдастырушылары - Халықаралық экология, инженер және педагогика академиясы (MAEIiP) және Халықаралық экология және адам қауіпсіздігі ғылымдары академиясы (Ресей Федерациясы).
Халықаралық ғылыми форумның жұмысына Көкшетау қаласының № 2 орта мектеп-лицейінің оқушылары: Чернышева Изабелла, Ласкавая Карина, Жантын Досхан (11 сынып), Әділханов Саят (7 лицей сыныбы) және ұстаздар: Абдыкасымова Гульнара Жантыновна мен Есмагулова Райгүл Абайқызы қатысты.
Конференция қорытындысы бойынша барлық оқушылар жеңімпаз атанды. Карина Ласкаваяның, (химия және биология бөлімі, жетекшісі - Ольга Чернышова) және Жантын Досханның (әлеуметтану бөлімі, жетекшісі - Гульнара Жантыновна Абдыкасымова) жобалары - бірінші дәрежелі дипломмен; Саят Әділханова (бөлім экономика, жетекшісі -Гульнара Жантыновна Абдыкасымова) - екінші дәрежелі дипломмен; Изабелла Чернышованың (экологиялық бөлім жетекшісі - Kүлшара Сүлейменқызы Тасмағамбетова) жобасы үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық балалар конференцияға қатысушылардың естелік медальдарын алды. Р.А. Есмагулова және Г.Ж. Абдыкасымованың баяндамалары конференцияның жеңімпазы дипломымен марапатталды.
Мәскеуде №2 мектеп-лицейінің директоры және жоғары санатты математика мұғалімі Абдыкасымова Гүлнар Жантынқызына халықаралық қоғамдық педагогикалық марапат - Ян Амос Коменский атындағы медалі табысталды. Ұстаздың қорында оқушылардың ғылыми жобалары үшін жеті республикалық және екі халықаралық жүлделі орын, республикалық және шетелдік әдістемелік басылымдарда көптеген мақалалары жарық көрді. Ағымдағы оқу жылында №2 ОМЛ 3-11 сынып оқушыларының 20 жобасы Астана және Ақтөбе қалаларында республикалық ХЭИжП ҒПК жүлделі орындарға ие болғанын мақтанышпен айтуға болады.
Аталмыш конференцияның делегациясы құрамында № 2 мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге осы мектеп-лицейдің түлегі - Л.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты Жақимов Мерей болды. Оның экология бойынша жобасы конференцияда үздік деп танылып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Халықаралық ғылыми практикалық конференцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және №2 орта мектеп лицейінің педагогикалық ұжымдарына жоғары кәсіпқойлықтары және оқушыларды тиісті деңгейде дайындағандары үшін алғысымызды білдіреміз.