"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарқын болашақ»

25.01.2017

«Жарқын болашақ»

Көкшетау қалалық білім бөлімі  «Жарқын болашақ» қалалық  қазақ тілі олимпиадасын 2017 жылғы 24 қаңтарда Көкшетау қаласының  № 17 орта мектебінен өткізілді.

Негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Олимпиада дәстүрлі бес номинация бойынша қазақ және өзге ұлт топтарына бөлініп өткізілді: «Сөз шеберлері», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Тілші-әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар».

Көкшетау  қаласының мектептерінен «Сөз шеберлері» байқауына барлығы 38 оқушы, «Тілші-әдебиетшілерге» – 36, «Жазушыларға» – 23, «Жас ғалымдарға» –14, «Әнші-бұлбұлдар» байқауына- 30 оқушы қатысты. Белсенділік танытқан №8, №1,№12, №19, №17, № 3 мектеп оқушылары.

Әр байқау бойынша кәсіби әділқазылар алқасы бекітілді.

«Әнші-бұлбұлдар» номинациясына ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, Балалар музыкалық мектебінің ұстазы Макенова Бисара Макенқызы және аталған мектептің ұстазы Нурмуханов Қайрат Қаратайұлы қазылық етті. «Жас ғалымдар» номинациясында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Қайырбекова Ибагүл Сүлейменқызы. № 7 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Молдабаева Жайнагүл Жұмабайқызы әділқазы алқасында болды. «Сөз шебері» номинациясының қазақ тілді аудиториясында ф.ғ.к., Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің Қазақ филологиясы кафедрасының доценті Смағұлова Нұргүл Қайырбекқызы, № 18 орта мектебінің мұғалімі Сағындықова Зәуреш Жамбылқызы қазылық етті. «Сөз шебері» номинациясының орыс тілді аудиториясында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушылары, гуманитарлық ғылымдар магистрлері Ашкенова Айым Қайратқызы және Аубакирова Ботагөз Қарабайқызы әділқазы алқасында болды. Қалалық олимпиадаға қатысқан оқушыларымыз жақсы дайындықтарын көрсетті. Бірақ «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, қазылар алқасына мықтыларды таңдау оңай болған жоқ. Қатысушылардың жанкүйерлері: ата-аналары, мұғалімдері мен достары қолдап отырды.Сол күні байқаулар бойынша нәтижелері айтылып, қалалық олимпиаданың жеңімпаздарына марапаттаулар жасалды. Сонымен бірге «Жарқын болашақ» облыстық қазақ тілі олимпиадасына қатысатын  І орын алған оқушылар анықталды.

«Сөз шеберлері» байқауы бойынша:

1.     Рашидов Ермек  – қазақ тобы, №3 мектеп-гимназиясы  мектебі

2.     Рожко Марина – өзге ұлт тобы, № 8 ОМ мектебі.

«Тілші-әдебиетшілер» байқауы бойынша:

1.     Қабдуш Қуаныш – қазақ тобы, № 3 мектеп-гимназиясы.

2.     Ахмадиева Анастасия – өзге ұлт тобы, № 16 мектеп.

«Жас ғалымдар» байқауы бойынша:

1.     Мұсабек Асылжан  – қазақ тобы, № 3 мектеп-гимназиясы.

2.     Руфуллаева Минара – өзге ұлт тобы, №17 орта мектебі.

«Жазушылар» байқауы бойынша:

1.     Айтенова Мадина – қазақ тобы, № 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп гимназиясы

2.      Хамхоева Зарема – өзгеұлттобы, № 12 орта  мектебі.

«Әнші-бұлбұлдар» байқауыбойынша

1.Мукушева Инара – қазақ тобы,№ 21 мектебі.

2. Панюшкин Максим – өзге ұлт тобы, Красный Яр № 2 орта мектебі

Просмотров: 460


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст