Көкшетау қаласы білім бөлімінің алқа отырысы өткізілді
Көкшетау қаласының білім бөлімімен 2017 жылғы 27 қаңтарда «№1 Орта мектеп-гимназия» КММ негізінде Көкшетау қаласы білім бөлімінің алқа отырысы өткізілді.
Алқа отырысына Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміренова, жергілікті полиция қызметінің, ішкі саясат бөлімінің, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары, алқа мүшелері, мектеп директорлары, бала бақша меңгерушілері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қалалық әдістемелік бірлестіктердің басшылары, қалалық ата-аналар кеңесінің төрағасы мен қорғаншылық кеңесінің төрағалары шақырылды.
Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Б.А. Жусупов 2016 жылы білім бөлімімен атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады.
Сөйлеу барысында жұмыстың жақсы жақтары атап өтілді, оқушылардың білім сапасы пайызының төмендігі, мектепке дейінгі ұйымдардың жоғары және бірінші санаты бар педагогтардың үлесін арттыру, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда құжаттама жүргізуге бақылауды күшейту, мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауға дайындық, 8-9 сынып оқушылары мен мектеп бітіруші түлектер арасында кәсіби бағдар беру жұмысы, балалар денсаулығының профилактикасы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қосымша білім берумен қамту туралы мәселелер атап көрсетілді.
Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреновамен алқа жұмысы қорытындыланып, кадрлардың ауысуы, жаңа оқу жылына оқулықтармен қамтамасыз ету, "Жас қайрат" ДТДБЖК, орындаушылық тәртіп, БДМБ жөнінде есептеме ұсыну бойынша сұрақтарға баса назар аударылды.
Отырыс соңында алқа шешімімен Көкшетау қ. білім бөлімінің 2017 жылға жұмыс Жоспары бекітілді.