«Қазақ тілінің білгірі»
Көкшетау қаласының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылдың 27 ақпан күні №1 «Арман» балабақшасында мектепке дейінгі мекемелерінің өзге ұлт қызметкерлері арасында қалалық «Қазақ тілінің білгірі» конкурсы өтті. Конкурсқа мектепке дейінгі ұйымдардың 14 педагогикалық қызметкері қатысты. Конкурс мемлекеттік тілдің мәртебесін, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, қазақстандық патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Конкурста тіл байлығы, тіл мәдениеті, өз ойын еркін жеткізе алуы, шығармашылығы сонымен қатар қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алуы, сөйлем құрау шеберлігі бағаланды.
Конкурстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі қатысушылар жеңіп алды:
Гран-при – Ищенко Марина Петровна– №14 «Чайка» балабақшасының медбикесі.
1 орын – Суворкова Наталья Николаевна – Ю.А.Гагарин ат. №33 балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі
2 орын – Рахимжанова Наталья Валерьевна №2 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі
3 орын – Калькопф Диана Викторовна –№ 11 «Арай» балабақшасының тәрбиешісі
«Тіл шебері» номинациясына Цихоцкая Юлия Владимировна №10 «Алтын бала» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы, «Тіл тарланы» номинациясына № 37 «Аленушка» балабақшасының тәрбиешісі Маслова Ирина Николаевна, «Көрермен көзайымы» номинациясына №12 «Мерей» балабақшасының тәрбиешісі Войтенко Елена Владимировна, «Сөз шебері» Юрко Олеся Михайловна №3 «Ертөстік» балабақшасының би жетекшісі, «Мәнерлеп оқу-мәдениеттіліктің мәйегі» номинациясына «Айналайын» балабақшасының музыка жетекшісі, Сабитова Рамзия Маратовна, Өнералды -қызыл тіл» номинациясын «Звоночек» балабақшасының дефектолог-мұғалімі Жураковская Анастасия Юрьевна , «Өнер сөздің патшасы» Ташкина Татьяна Александровна №36 «Аққу» балабақшасының орыс тілі мұғалімі ие болды.
Конкурсқа қатысушылар Көкшетау қаласы білім бөлімінің құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.