Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша нысандарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі.
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ кәмелетке толмаған балалардың мүдделеріне қатысты мемлекеттік қызмет көрсетеді, атап айтқанда, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу», «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру».
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады : Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы; «электрондық үкімет» www.e - gov.kz. веб-порталы.
Қызметті көрсету нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына анықтама алу үшін қажет:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
4) заң бойынша мұраға құқық туралы куәліктің көшірмесі (нотариустан);
5) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
6) некені қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
7) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша туу туралы
анықтама (егер бала некеден тыс 2008 жылға дейін туған жағдайда).
Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін анықтама алу үшін қажет:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшасына сәйкес өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) көрсетілетін қызметті алушының кепілді тұрғын үй беру туралы нотариалды расталған өтініші немесе кепілді тұрғын үй беру туралы жақын туыстарынан нотариалды расталған өтініш;
4) бала (балалар) 10 жасқа толғанға дейін оқитын білім ұйымының әкімшілігімен расталған, жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатын жылжымайтын мүліктің иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға баланың (балалардың) келісімі;
5) нотариуспен куәландырылған мәміле ресімдеуді жасауға не қайтыс болуы туралы куәлік жасауға келмеген зайыбының (жұбайының) атынан
сенімхат;
6) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
7) некені қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
8) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізуді, қалпына келтіруді, жоюды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша туу туралы
анықтама (егер бала некеден тыс 2008 жылға дейін туған жағдайда).
Жоғарыда аталған электрондық мемлекеттік қызмет www.e-gov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да көрсетіледі.