«Абай мен Шәкәрім және Махамбет оқулары»
2017 жылдың 15-наурыз күні «Абай мен Шәкәрім және Махамбет оқулары» атты қалалық сайыс болып өтті. Бұл сайысқа 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Сайыстың негізгі мақсаты мен міндеті: мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім және Махамбет шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болмақ.
Байқау алты номинациядан тұрды:
1. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»;
2. «Көңілім әнді ұғады»
3. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
4. «Тартынбай сөйлер асылмын»
5. «Мен-мен, мен едім»
6. «Ұлы арман»
«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында өзгеше қабілетімен көзге түскен №21 орта мектебінің оқушысы Қоянбек Абдурахман, №18 орта мектеп оқушысы Даулетбекова Томирис. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында өз ақындық шеберлігін жыр шумақтарымен жеткізе білген №3МГ оқушысы Жантаева Меруерт. «Көңілім әнді ұғады» номинациясында сыңғырлаған дауысымен таңқалдырған №21 орта мектеп оқушысы Қалымжан Дильназ. Қатысушылар ішінен жан-жақты қабілетімен дараланып шыққан жеңімпаздар анықталды. Жүлделі орынға ие болған оқушылар қалалық білім бөлімі басшысының Грамотасымен марапатталды.