Ұйымдар тізімі
Құрметті оқушылар! Құрметті әріптестер, ата-аналар!
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың Ұлы күні - Әз - Наурыз құтты болсын!
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды. Наурыз - көктемгі жаңарудың тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын, адам баласының да жан-дүниесін жаңғыртатын махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Қазақстандағы жүздеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр.
Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз. Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін, ел тыныш, туған жер аман болып, ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын!
Еліміз өркен жайып, әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан Елордамыздың ажары мен айбыны асқақтай берсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қаланың жекеменшік мектепке...