"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарының басшылары мен іс жүргізушілері үшін келесі мәселелер бойынша семинар –кеңес өткізілді

21.04.2017

Білім беру ұйымдарының басшылары мен іс жүргізушілері үшін келесі мәселелер бойынша семинар –кеңес өткізілді

«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылғы 07 сәуірде білім беру ұйымдарының басшылары мен іс жүргізушілері үшін келесі мәселелер бойынша семинар –кеңес өткізілді:

1)  ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы бойынша түсінік беру;

2) «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары» бойынша түсінік беру.

Семинар-кеңестің мақсаты:

-         семинарға қатысушыларды жазбаша өтініштерге қойылатын талаптармен, бейнеөтініштермен және бейнеконференцбайланыспен; қабылдау тәртіптерімен, тіркеу және есепке алу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерімен таныстыру;

-         мемлекеттік ұйымдарда құжаттау қағидаларымен, құжаттарды дайындау, ресімдеу (бұйрықтар, хаттар, хаттамалар) және құжаттаманы басқарумен таныстыру.

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст