«Биоақпараттандыру және Синергетика» технологиясын қолдану оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі» тақырыбындағы қалалық оқыту семинары
Көкшетау қаласының білімі бөлімі 2017 жылдың 12 сәуірінде «№17 орта мектебі» КММ «Биоақпараттандыру және Синергетика» технологиясын қолдану оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі» тақырыбы бойынша қалалық оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты: «Биоақпараттандыру және Синергетика» технологиясын қолдану бойынша қала мектептері арасында жұмыс тәжірибесімен бөлісу, педагогикалық қызметкерлердің шеберлік деңгейін арттыру, инновациялық қызметке арналған білім беру кеңістігін кеңейту.
Семинар жұмысына қала мектептерінен 16 мұғалімі қатысты.
Осы іс-шара аясында Биоинформатика және Синергетика технологиясы бойынша курстан өткен мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар бастауыш, орта және жоғары буындарда 6 сабақ көрсетілді: «Биоинтернет» картасы бойынша «Үш мәнді сандардағы көп мәнді сандарды көбейту және бөлу» тақырыбында 4 «Д» сыныпта, бастауыш сынып мұғалімі Н.Е. Корниенко, «Ауызша сабақ-1» картасы бойынша «Құстардың әр түрлігі» тақырыбында 2 «Е» сыныпта, бастауыш сынып мұғалімі Н.В. Колоколова, «Алгоритм» картасы бойынша «Тірі организмдердің табиғи бірлестіктері» тақырыбында 11 «А» сыныпта, биология пәнінің мұғалімі С.С. Кошанов, «Ауызша сабақ-1» картасы бойынша «Молдова Республикасы» тақырыбында 10 «А» сыныпта, география пәнінің мұғалімі Адый Алма, «Биоинтернет» картасы бойынша «Екі айнымалысы бар сызыктық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу» тақырыбында 6 «В»сыныпта, математика пәнінің мұғалімі С.О.Битикеева, «Алгоритм» картасы бойынша «Арифметикалық орта» тақырыбында 5 «А» сыныпта, математика пәнінің мұғалімі Ж.С. Жусупбекова.
Қатысушылар семинардың соңында алған әсерлерімен бөлісіп, іс-тәжірибелерімен алмасты.