"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение"Отдел образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар қауымы үшін қалалық қоғамдық тыңдаулар

04.05.2017

Ата-аналар қауымы үшін қалалық қоғамдық тыңдаулар

Көкшетау қ. білім бөлімімен 2017 жылғы 28 сәуірде №1 ОМГ негізінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық: шаралар және алдын алу» тақырыбында ата-аналар қауымы үшін қалалық қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Қоғамдық тыңдаулар  балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік қарым-қатынасқа төзбестікті

қалыптастыру мәселесіне көңіл аудару мақсатында өткізілді.

Қоғамдық тыңдауларға прокуратура бөлімінің прокуроры А.Е. Хангелдиев,  Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы А.О. Жуматова, Көкшетау қ. ІІБ әйелдерді зорлықтан қорғау жөніндегі инспекторы Г.Е. Кенеспаева, СӨС ҚОО дәрігері К.К. Исмагулова,   №5

«Таңдау» КГ психологы О.М. Понятова қатысты.

Қоғамдық тыңдауларда «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу және ұсынымдар», «Ювеналды сотта кәмелетке толмаған балалар арасында жыныстық қол сұғылмаушылыққа байланысты қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері», «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Жасөспірімнің репродуктивті денсаулығын сақтау», «Зорлық-зомбылықсыз тәрбие» тақырыптары талқыланды.

Просмотров: 347


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст