«Мектепке жол» жалпықалалық қайырымдылық акциясы.
Көкшетау қаласының білім бөлімі 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі жалпықалалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын (бұдан әрі - Акция) өткізетіні туралы жариялайды.
Акцияның мақсаты – оқу жылының басына дайындық кезінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін аз қамтылған, көпбалалы отбасылар санынан шыққан білім алушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық және өзге де көмектер көрсету.
Қалалық акция шеңберінде мектепке бармайтын балаларды және т.б. анықтау мақсатында ақпараттық-түсіндірме іс-шаралары, мектеп жәрмеңкелері, қайырымдылық күндері, рейдтік іс-шаралар (үйлерді (пәтерлерді), саяжай учаскелерін, фермерлік шаруашылықтарды аралап шығу) өткізілетін болады.
Қаражаттың жоқтығынан кейбір ата-аналар балаларын жаңа оқу жылына дайындай алмайды. Әсіресе жетім балаларға, көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасыдан шыққан оқушыларға ауыр соғады. Жаңа оқу жылының қарсаңында көптеген мұқтаж адамдарға уақтылы материалдық қолдау көрсету қажет. Сондықтан қаржылық көмек көрсете алатындарды игі іске шамадан келетін үлестерін қосуын сұраймыз. Кез келген көмек түрі — ол мектеп керек-жарақтары немесе киім-кешек, ұйымдастыру техникасы немесе кеңсе тауарлары, жиһаз немесе спорт құрал-жабдықтары, азық-түлік өнімдері немесе кітаптар болсын, бұның барлығы қолдауға және көмекке мұқтаж
балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесуі мүмкін.
Акция ұйымдастырушысы – Көкшетау қаласының білім бөлімі барлық бей-жай емес адамдарға әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларды өз қамқорлығына алуға және оларға мектепке жиналуларына көмек көрсетулеріне шақырады. Акцияны өткізу немесе балаларға көмек көрсету бойынша барлық сұрақтарға жауапты Көкшетау қаласы білім бөлімінің 40-12-41 телефонына қоңырау шалу арқылы ала аласыз.
Сіздерді ықыластылық пен түсініспеншіліктеріңіз үшін алдын ала ризашылығымызды білдіреміз. Жақсылық жасауға асығыңыздар және ол міндетті түрде Сіздерге қайтып келеді!