«Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ 2017 жылдың 14-24 қыркүйек аралығында жекеменшік балабақшалар арасында жаңа 16
орынға мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысу үшін жеке меншік мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөліміне мынадай құжаттар ұсынады:
1) Комиссия төрағасының атына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 Қағидалардың 1-ші қосымшасына сәйкес (әрі қарай - Қағида) нысан бойынша өтініш жазу керек;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;
3) мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жеке меншік немесе жалға алу);
4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың көшірмесі;
5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және «Білім туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша міндеттеме нысанын толтырады.
Әлеуетті қызмет берушілер немесе олардың құзырлы өкілдері конкурсқа қатысуға арналған өтінімді және құжаттардың толық пакетін 2017 жылғы 25 қыркүйек күні сағат 15.00-ге дейін Көкшетау қаласы, Кұдайбердиев көшесі 57 үй, тел.255162, 4 кабинет мекенжайы бойынша конкурс ұйымдастырушысына қолма-қол табыс етеді.