«ӘНШУАҚ» балалар фестивалі

15.10.2024 ж. әл-Фараби атындағы мектеп лицейі базасында 9-11 сынып оқушылары арасында «ӘНШУАҚ»  қазақ тіліндегі республикалық балалар фестивалі өтті. Қатысушылар қызықты репертуар, қазақ
тіліндегі түрлі балалар әндерін ұсынды. 
Бұл фестиваль балалардың музыкалық мәдениетінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оларды қазақ музыкалық мәдениетінің байлығымен таныстыруға, оларды фестиваль іс-шараларына жаппай тартуға ықпал етеді.