2017 жылы қараша айының 14 күні №7 «Айша» балабақшасының базасында Көкшетау қаласы логопед мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Түзету және инклюзивті білім беру кабинеттінде ерекше білім беруді мұқтаж ететін балалардың әлеуметтік бейімделуі мен оңалтуына жағдай жасау» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар жұмысына қаланың мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы білім беру мектептерінің 26 логопед - мұғалімдері қатысты.
Тәрбиеші Л. К. Макатова ұйымдастырылған оқу қызметінің «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша ересек логопед тобының балаларымен сурет салудың дәстүрден тыс әдісін қолданып, «Күзгі ағаш» тақырыбында
ашық көрсетілімін өткізді. Сөйлеу тілінде мүкістігі бар балалардың тілін дамыту жұмыстарында қолданылатын әдіс-тәсілдер бойынша логопед - мұғалім А.Ж.Искакованың жеке түзету сабағының бейнеролигі көрсетілді
Түзету және инклюзивтік білім беру кабинетінің қызметімен психолог, түзету және инклюзивті білім беру кабинетінің әдіскері А.Ә.Орынбаева таныстырды.
Логопед - мұғалім Мухаметалина М.Н. мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дидактикалық ойындар мен жаттығулар арқылы дамыту бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Тәрбиеде ерекше қажеттілікті талап ететін балалармен жұмыс істеуде PECS альтернативті байланыс жүйесін пайдалану туралы дефектолог- мұғалім, инклюзивті білім беру бойынша Ресурстік орталықтың педагог-үйлестірушісі А.Қ.Аленованың баяндамасы тыңдалды.(республикалық біліктілік арттыру курсының материалдары бойынша)
Сөз сөйлегендерді тыңдап, «Педагогикалық шеберлігінің өрнегі» тақырыбында ұйымдастырылған көрмемен танысып,семинарға қатысушылар ұйымдастырылған оку іс -әрекетіне талдау жасап, пікір алмасты, №7 «Айша» балабақшасының қызметкелерінің жұмысына және семинардың ұйымдастырылуына оң бағаларын берді.