2018 жылғы 29- 31 қаңтар аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы негізінде 1-7 сынып арасында «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары Республикалық конкурсының қорытынды Республикалық кезеңі өтті. Аталған кезеңге республикалық сараптамадан өткен және облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған оқушылардың жұмыстары жіберілді. Байқау жұмысы ережеге сәйкес 8 секцияда өтті:
1 секция — қазақ тілі мен әдебиеті;
2 секция – орыс тілі мен әдебиеті;
3 секция — математика, информатика;
4 секция — физика, техника;
5 секция — медицина, психология;
6 секция — тарих, өлкетану, этномәдениеттану
7 секция – химия, биология;
8 секция — экология, валеология.
Оқушылардың жұмыстарын Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының оқытушылары тыңдады. Тәжірибелі профессор оқытушылар құрамы жыл сайын осындай деңгейдегі іс-шараларға қатысады. Жұмыс қорытындылары бойынша қазылар алқасы Ереженің талаптарына сай үздік жобаларды іріктеп алды.
1 секция — қазақ тілі мен әдебиеті:
1.Жұмабек Диар Гариполлаұлы, «№21 орта мектеп-лицейі» КММ, 3 сынып, 1 орын
2 секция – орыс тілі мен әдебиеті:
1. Баранникова Юлия Максимовна, «№17 орта мектеп-гимназиясы» КММ, 2 сынып, 3 орын
3 секция — математика, информатика:
1. Утильбекова Ақбаян Бейбітқызы, «№16 орта мектебі» КММ, 3 сынып, 2 орын
5 секция — медицина, психология:
1. Баймакова Арайлым Амангельдиновна, Нурланова Инаббат Талгатовна , «М. Ғабдуллин ат. №3 МГ» КММ, 6 сынып 2 орын
8 секция — экология, валеология:
1. Сулейменова Айина Серікқызы, «№17 орта мектеп-гимназиясы» КММ, 3 сынып, 1 орын
2. Васильченко Андрей, КГУ "Многопрофильная гимназия №5 "Таңдау" көппрофильді гимназия» КММ, 4 сынып, 1 орын.
Байқаудың Республикалық кезеңіне Көкшетау қаласынан 6 жоба қатысып, 6-ы да жүлделі орындарға ие болды. Осылайша, қала мектептерінің оқушылары 100% көрсеткішпен өнер көрсетті.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және мектептердің педагогикалық ұжымдарына жоғары кәсіпқойлықтары және оқушыларды тиісті деңгейде дайындағандары үшін алғысымызды білдіреміз.