2024 жылғы 15 ақпанда білім бөлімі "Bolashaq Saraiy" балалар және жасөспірімдер сарайымен бірлесіп "Арт-терапия арқылы педагог-психологтың кәсіби позициясын қалыптастыру" тақырыбында семинар-практикумы өткізілді. Жұмыс барысында педагог-психологтың психологиялық сүйемелдеу тобының оқушыларымен жұмыс ерекшеліктері қарастырылды. Педагог-психологтар глинотерапия әдісінің іс жүзінде қолданылуын пысықтап, балалар мен жасөспірімдерде оң өмірлік ұстанымды қалыптастыру, сонымен қатар дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша тәжірибесімен бөлісті. Арт-терапия тұлғаны дамыту құралы ретіндегі әдіс-тәсілдерінің бірі ретінде қарастырылды. Семинар қорытындысында кері байланыс өткізіліп, қатысушылар осы іс-шараның практикалық маңыздылығын атап өтті.