Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз - Қаржыгерлер күні және ұлттық валюта күнімен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бүгінгі күні қаржы жүйесінде адалдығымен, жауапкершілігімен, ерекшеленетін, бюджет және салық заңнамаларын жақсы білетін білікті қызметкерлер жұмыс істейді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз қаланың дамуына бағытталған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де ырысты-берекелі болуына тілектеспін. Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, есепшілік қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімді білдіремін!
Ең бастысы, Ұлттық валютамыз-теңге берік және тұрақты болғай!
Білім бөлімі басшысының м.а. Р.Шаймерденова