Құрметті ұстаздар, ата-аналар,
қымбатты оқушылар!
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихынан бастау алған бүгінгі Конституциямыз –халқымызды, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат.
Конституция – бұл біздің береке-бірлігіміздің кепілдігі, еңбек ету, лайықты өмір сүру және жан-жақты үйлесімді даму үшін адамның құқықтары мен бостандықтарын бекіту, ұлтаралық келісім мен елдің гүлденуі болып табылады.
Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау –әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті, бүкіл Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін дәйекті даму мен жаңғыру үдерістерінің негізі!
Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс, ынтымақ тілеймін.
Рухтарыңыз асқақ, келешекке деген сенімдеріңіз айқын, жігерлеріңіз қайратты, Отанымыз- Қазақстан Республикасының игілігі үшін әрбір бастамаларыңыз сәтті болсын!
«Ақмола облысы білім басқармасының
Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
басшысы А.Б. Нугертаева